Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Авиациялық техниканың және (немесе) арнайы көліктің лизингі шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Н. Сауранбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі 2025 жылғы 21 шілдедегі № 223 Бұйрыққа қосымша |
Авиациялық техниканың және (немесе) арнайы көліктің лизингі шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Авиациялық техниканың немесе және (немесе) арнайы көліктің лизингі шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және авнациялық техниканың және (немесе) арнайы көліктің лизингі шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авиациялық техника – авиациялық техникалық құралдар кешені (әуе кемесі, олардың борттық жабдықтары мен агрегаттары, қозғалтқыштар мемлекеттік авиация әуе кемесінің авиациялық қару-жарағы, авиациялық құтқару құралдары, кешенді тренажерлер (ұшу симуляторлары), жиынтықтаушы бұйымдар, әуе қозғалысын басқарудың, қону және байланыс навигациясының техникалық құралдары, сондай-ақ ұшуды орындауға, әуе қозғалысын басқаруды ұйымдастыруға және ұшуды жермен қамтамасыз етуге арналған жалпы және арнайы қолданылатын жерүсті қамтамасыз ету құралдары);
2) арнайы көлік – әуе кемелерiне техникалық, коммерциялық қызмет көрсету, ұшуды радиомен, жарықпен және техникалық қамтамасыз ету, әуеайлақтарды пайдалану жағдайында күтіп ұстау үшiн және әуежайдағы басқа да жұмыстар үшін жұмыс органдарымен (құрылғылармен) жарақталған, автокөлiк немесе трактор шассиiне орнатылған, өздiгiнен жүретiн техникалық құрал;
3) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – орталық мемлекеттік орган (республикалық бюджет) немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджет);
4) сатушы – авиациялық техниканы және (немесе) арнайы көлікті өткізу тәжірибесі кемінде 3 жыл, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорцнум) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға;
5) тапсырыс беруші – мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы бар, мемлекетке тиесілі немесе олармен үлестес заңды тұлғалар;
6) лизинг беруші – тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы. Бiр лизинг мәмiлесінің шеңберiнде, лизинг берушi бiр мезгiлде оның басқа қатысушысы ретiнде iс-қимыл жасауға құқылы емес.
Осы Қағидалар шеңберінде авиациялық техниканың және (немесе) арнайы көліктің лизингі шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстар нысанасы (бұдан әрі – күрделі шығыстар нысанасы) деп лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті жүзеге асыратын, авиациялық техниканы және (немесе) арнайы көлікті лизингке беру жөніндегі заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жүргізген немесе сатуға шығарылған қызметтері түсініледі. Өнеркәсіптік құрастыру немесе жеткізу туралы тиісті келісімдер жасасқан шетелдік өндірістің авиациялық техникасы туралы келісімге қол қойды.
Осы Қағидалар шеңберінде авиациялық техниканың және (немесе) арнайы көліктің лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстар нысанасы (бұдан әрі – күрделі шығыстар нысанасы) деп лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалардың лизингке беру жөніндегі қызметтері түсініледі:
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісімдер жасасқан заңды тұлғалары өндірген немесе отандық өндірістің баламалары болмаған кезде шетелдік өндірістің әлеуетті өнім берушілері жеткізетін мемлекеттік тіркеуге жатпайтын немесе әскери полиция органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын арнайы көліктердің сынамасы;
отандық немесе шетелдік өндірістің авиациялық техникасын өндіру.
Өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісімдер жасасқан немесе шетелдік өндірістің әлеуетті өнім берушілері беретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жүргізген, мемлекеттік тіркеуге жататын арнайы көлікті лизингке сатып алу отандық өндірістің аналогтары болмаған кезде Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 157 бұйрығымен бекітілген Көлік құралдарының және (немесе) механикалық көлік құралдарының лизингі шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Авиациялық техниканың және (немесе) арнайы көліктің лизингі шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу тәртібі
3. Тапсырыс беруші тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген сұрау салуды лизинг шарты шеңберінде сатып алуға жоспарланатын авиациялық техниканың және (немесе) арнайы көліктің техникалық сипаттамаларын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) жібереді.
4. Министрлік немесе әлеуетті өнім беруші Тапсырыс берушінің сұрау салуы келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өнеркәсіптік құрастыруда тиісті келісімдер жасасқан авиациялық техника және (немесе) арнайы көліктің өндірушілеріне немесе авиациялық техниканың және (немесе) арнайы көліктің шетелдік сатушыларына Тапсырыс берушінің сұрау салуында көзделген техникалық сипаттамаларға сәйкес келетін авиациялық техника және (немесе) арнайы көлік туралы ақпарат беру туралы сұрау салуды жібереді.
5. Өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісімдер жасасқан арнайы көлік өндірушілері және (немесе) авиациялық техниканың отандық өндірушілері сұрау салу келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде техникалық сипаттамаларын, маркасы мен моделінің атауын, сондай-ақ олар өндіретін арнайы көліктің және (немесе) авиациялық техниканың құнын көрсете отырып, Министрлікке жауап жібереді.
6. Министрлік арнайы көліктің және (немесе) авиациялық техниканың отандық өндірушілерінен жауаптар келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде келіп түскен ақпараттың жалпы жинағын жүзеге асырады және жинақталған ақпаратты Тапсырыс берушіге жібереді.
Тапсырыс берушінің сұрау салуында көрсетілген техникалық сипаттамаларға сәйкес келетін арнайы көліктің және (немесе) авиациялық техниканың отандық өндірушілері болмаған кезде Министрлік бұл туралы Тапсырыс берушіні осы тармақта көзделген тәртіппен хабардар етеді.
7. Тапсырыс беруші Министрліктен сұрау салуға жауап келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өзінің ресми интернет-ресурсында сатушылар мен лизинг берушілерден ұсыныстар жинау туралы, авиациялық техниканың және (немесе) арнайы көлікті лизингке беру жөніндегі қызметтердің құны туралы хабарландыруды орналастырады.
Хабарландыруда осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес Министрлік ұсынған ақпаратқа сәйкес авиациялық техниканың және (немесе) арнайы көліктің құны көрсетіледі.
8. Министрлік отандық өндірушілердің жоқтығы туралы хабардар еткен кезде Тапсырыс беруші лизинг шарты шеңберінде сатып алуға жоспарланатын авиациялық техниканың және (немесе) арнайы көліктің техникалық сипаттамаларын көрсете отырып, сатушыларға сұрау салулар жібереді
9. Лизинг берушілер Тапсырыс берушінің сайтында хабарландыру орналастырылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген авиациялық техниканың және (немесе) арнайы көлікті лизингке беру жөніндегі қызметтердің құны туралы ұсыныстар береді.
10. Тапсырыс беруші сатушылардан және лизинг берушілерден ақпарат алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес ұсынылатын ұсыныстарда көрсетілген авиациялық техниканың және (немесе) арнайы көлікті лизингке беру жөніндегі қызметтердің ең аз құны негізінде авиациялық техниканы және (немесе) арнайы көлікті лизингтеу шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құнын айқындайды
Тапсырыс беруші сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес ұсынылған ақпаратқа сәйкес авиациялық техниканың және (немесе) арнайы көлікті лизингке беру жөніндегі қызметтердің пайыздық мөлшерлемесін көрсете отырып, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу жөніндегі төлемдерді өтеу кестесін айқындайды.
11. Авиациялық техниканың және (немесе) арнайы техниканың қаржы лизингі бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың орындылығы бюджеттік бағдарламаның тиісті әкімшісінің бөлінген қаражаты шегінде Республикалық немесе жергілікті бюджет комиссиясының шешімі ескеріле отырып айқындалады.
12. Тапсырыс беруші 5 жұмыс күні ішінде жиынтық ақпаратты бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді.
13. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес келіп түскен ұсыныстар, сондай-ақ Республикалық немесе жергілікті бюджет комиссиясының шешімдері негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиісті бюджеттік бағдарламаны қалыптастырады.