БҰЙЫРАМЫН:
1. "Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер етудің нормативтерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 375 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24462 болып тіркелген) мынадай өзгеріc енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер етудің нормативтерін айқындау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. |
Н. Шарбиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикаcы
Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикаcы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикаcы
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер етудің нормативтерін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер етудің нормативтерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 201-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және атмосфералық ауаға антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:
1) ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытынды – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтардың негізінде бекітілген рұқсат құжаты, олар мынадай ережелерді қамтиды: ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі тұжырымдар; ең үздік қолжетімді техникалардың сипаттамасы; ең үздік қолжетімді техникалардың қолданылуын бағалауға қажетті ақпарат; ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты эмиссиялардың деңгейлері; ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты өзге де технологиялық көрсеткіштер, оның ішінде энергетика, су ресурстары мен өзге де ресурстарды тұтыну деңгейлері; ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты мониторинг жөніндегі талаптар; ұсыныстар бойынша талаптар;
2) ең үздік қолжетімді техникалар (бұдан әрі – ЕҮҚТ) – қызмет түрлері мен оларды жүзеге асыру әдістерінің неғұрлым тиімді және озық даму сатысы, бұл олардың қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсер етуді болғызбауға немесе, егер бұл іс жүзінде жүзеге асырылмаса, барынша азайтуға бағытталған технологиялық нормативтер мен өзге де экологиялық шарттарды белгілеуге негіз болу үшін практикалық жарамдылығын куәландырады;
3) маркерлік ластағыш заттар – өндірістің немесе технологиялық процестің нақты түрінің эмиссиялары үшін неғұрлым маңызды ластағыш заттар, олар осындай өндіріске немесе технологиялық процеске тән ластағыш заттар тобынан таңдап алынады және олардың көмегімен топқа кіретін барлық ластағыш зат эмиссиясының мәнін бағалауға болады;
4) технологиялық нормалау объектісі – шаруашылық қызмет іске асырылатын немесе іске асыру жоспарланатын, ЕҮҚТ бойынша анықтамалықтарда оларға қатысты ұқсас технологиялық процестер сипатталған антропогендік әсер ететін объект, сондай-ақ оның бір бөлігі;
5) техника – объектіні жобалауға, салуға, қызмет көрсетуге, пайдалануға, басқаруға және пайдаланудан шығаруға қолданылатын технологиялар, тәсілдер, әдістер, процестер, практикалар, ұстанымдар мен шешімдер;
6) технологиялық норматив – кешенді экологиялық рұқсатта эмиссиялар көлемінің бірлігіндегі маркерлік ластағыш заттардың шекті саны (массасы); уақыт бірлігіне немесе өндірілетін өнімнің (тауардың), орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігіне есептелетін электр және (немесе) жылу энергиясының, өзге ресурстардың тұтынылу мөлшері түрінде белгіленетін экологиялық нормативтер;
7) табиғи ортаға жол берілетін физикалық әсер ету нормативі – әрбір көз үшін жылудың, шудың, дірілдің, иондаушы сәулеленудің, электрмагнит өрісі кернеуінің және өзге де физикалық әсер етудің табиғи орта құрамдастарына жол берілетін әсер ету деңгейлері түрінде белгіленетін экологиялық норматив, онда барлық басқа көзбен жиынтығында осындай көзден жағымсыз физикалық әсер ету табиғи ортаға шекті жол берілетін физикалық әсер етудің белгіленген деңгейлерінің артуына алып келмейді;
8) физикалық әсер етудің шекті жол берілетін деңгейі (бұдан әрі – ШЖБД) – халыққа тәулік бойы әсер ету үшін белгіленген, бұл ретте жануарлардың, өсімдіктердің, экологиялық жүйелер мен биоәртүрлілікке зиянды әсер етілмейтін физикалық әсер етудің жекелеген түрлерінің (шудың, дірілдің, электрлік, электрмагниттік және магниттік өрістердің, радиацияның, жылудың) ең жоғары деңгейі.
2-тарау. Атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін анықтау тәртібі
3. Кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес атмосфералық ауаға жол берілетін антропогендік әсер етудің мынадай нормативтері белгіленеді:
жол берілетін шығарындылар нормативтері;
шығарындылардың технологиялық нормативтері;
атмосфералық ауаға жол берілетін физикалық әсер ету нормативтері.
1-параграф. Жол берілетін шығарындылар нормативтері
4. Жол берілетін шығарындылардың нормативтері Кодекстің талаптарына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 63 бұйрығымен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22317 тіркелген) сәйкес айқындалады.
2-параграф. Шығарындылардың технологиялық нормативтері
5. Шығарындылардың технологиялық нормативтері кешенді экологиялық рұқсатта белгіленеді және ЕҮҚТ жөніндегі қорытындыларда белгіленген оларды нақты қолдану салалары бойынша ЕҮҚТ қолдануға байланысты тиісті технологиялық көрсеткіштерден (олар бар болса) аспауға тиіс.
Шығарындылардың технологиялық нормативтері I немесе II санаттағы объектінің құрамына кіретін стационарлық көздерді пайдаланудың қалыпты жұмыс істеу жағдайлары үшін даму перспективасын, яғни жабдықтың жүктелуін және оны пайдалану режимдерін, оның ішінде технологиялық регламентте көзделген желдету жүйелері мен құрылғыларын және шаң-газ тазарту жабдықтарын ескере отырып белгіленеді.
Бұл ретте шығарындылардың технологиялық нормативтері мыналар үшін белгіленбейді:
мұнай/газ/мұнай-газ, газ конденсатты кен орындарын, қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі өндірістік операциялар (кәсіпшілік-геофизикалық зерттеулер, іздестіру-бағалау жұмыстары, барлау және геологиялық барлау жұмыстары, геологиялық және сейсмикалық зерттеулер);
ұңғымаларды бұрғылау кезеңіндегі машиналар мен технологиялық жабдықтар, оның ішінде қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлау, тоқтату және іске қосу кезінде мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу, жөндеу және іске қосу-баптау жұмыстары, техникалық қызмет көрсету, технологиялық жабдықтардың жұмысындағы технологиялық еріксіз іркілістер, істен шығулар мен ауытқулар, оның ішінде алаудағы газды еріксіз іркілістер, істен шығулар мен ауытқулар.
6. Шығарындылардың технологиялық нормативтерінің негіздемесі объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға Кодекстің 111-бабына сәйкес кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтінішпен бірге технологиялық нормативтер жобасында қамтамасыз етіледі.
7. Технологиялық нормативтердің жобасын кешенді экологиялық рұқсат алуға өтінімді немесе кешенді экологиялық рұқсатты қайта қарауға өтінімді дайындау барысында шаруашылық және (немесе) өзге де қызметті жүзеге асыруды жүзеге асыратын немесе жоспарлайтын заңды тұлға, дара кәсіпкер әзірлейді.
8. Технологиялық нормативтер жобасы мыналарды:
1) ЕҮҚТ таңдауға әсер етуі мүмкін шығарылатын өнімнің түрі, пайдаланылатын шикізат, ЕҮҚТ сәйкестікті бағалау және технологиялық процеске байланысты басқа да мәліметтер бойынша ақпарат ұсынылатын өндірістік процестің қысқаша сипаттамасын;
2) ағымдағы сәттегі технологиялық процестердің және/немесе технологиялық нормалау объектілерінің тізбесін және ЕҮҚТ арналған анықтамалар негізіндегі қорытындысына сәйкес технологиялық нормалау объектілерінде түзілетін маркерлік ластағыш заттарды және олардың мониторингін;
3) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес технологиялық нормативтердің негіздемесін, технологиялық нормативтердің анықтамасын қамтуға тиіс.
9. ЕҮҚТ қолдану жөніндегі техникалық шешімдер объектіні салуға, реконструкциялауға және пайдалануға арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу кезеңінде айқындалады.
10. Технологиялық нормативтерді қайта қарау ең үздік қолжетімді техника бойынша жаңа қорытындылар бекітілген кезде технологиялық нормативтер өзгерген жағдайда жүргізіледі.
Анықтамалықты қайта қарау және ЕҮҚТ бойынша қорытынды нәтижесінде технологиялық нормативтер қатаңдатылған жағдайда, 10 жыл ішінде қол жеткізілетін технологиялық нормативтердің мерзімі кәсіпорындардың экологиялық тиімділігін арттыру бағдарламасы шеңберінде сақталады.
3-параграф. Атмосфералық ауаға жол берілетін физикалық әсер ету нормативтері
11. Табиғи ортаға жол берілетін физикалық әсер ету нормативі деп әрбір көз үшін жылудың, шудың, дірілдің, иондаушы сәулеленудің, электрмагнит өрісі кернеуінің және өзге де физикалық әсер етудің табиғи орта құрамдастарына жол берілетін әсер ету деңгейлері түрінде белгіленетін экологиялық норматив түсініледі, онда барлық басқа көзбен жиынтығында осындай көзден жағымсыз физикалық әсер ету табиғи ортаға шекті жол берілетін физикалық әсер етудің белгіленген деңгейлерінің артуына алып келмейді.
12. Физикалық әсер ету деңгейлері нақты аумақ немесе акватория үшін тән табиғи факторлардың әсерімен қалыптасқан табиғи жағдайларды, сондай-ақ аумақтарды немесе акваторияларды пайдалану мақсатын ескере отырып белгіленеді.
13. Жол берілетін физикалық әсер ету нормативтері I және II санаттағы нысандар үшін мыналардан аспайтын деңгейлерде:
1) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау жүргізілген жағдайда – Кодекстің 76-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілген тиісті шекті мәндерден аспайтын деңгейлерде;
2) осы Кодекске сәйкес белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізген жағдайда, оның нәтижелері бойынша қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау қажет емес екені туралы қорытынды шығарылса, – осы Кодекстің 68-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес белгіленіп отырған қызмет туралы өтініште көрсетілген тиісті мәндерден аспайтын деңгейлерде белгіленеді.
Қолданыстағы объектілер үшін жол берілетін физикалық әсерлердің нормативтері кешенді экологиялық рұқсатты алу туралы арызда белгіленген деңгейлерде белгіленеді.
Кешенді экологиялық объектілер үшін жол берілетін физикалық әсер ету нормативтері ЕҮҚТ бойынша қорытындыларда (егер болса) келтірілген тиісті технологиялық көрсеткіштерден аспайтын деңгейде белгіленеді.
14. Жол берілетін физикалық әсер ету нормативтерін оператор өзінің аккредиттелген зертханасы болған кезде не ол болмаған кезде бөгде мамандандырылған ұйымдарды (аккредиттелген зертханаларды) тарта отырып дербес айқындайды.
15. Белгіленген қызмет үшін жол берілетін физикалық әсерлердің нормативтері, сондай-ақ қызметке айтарлықтай өзгерістер енгізген кездегі нормативтер жеке құжат түрінде – белгіленген қызметтің тиісті жобалық құжаттамасына қатысты әзірленетін жол берілетін физикалық әсер ету нормативтерінің жобасы түрінде есептеліп, негізделеді және Кодекстің 201-бабына сәйкес экологиялық рұқсатты алуға өтінішпен бірге беріледі.
Технологиялық нормативтерді әзірлеу қағидаларына қосымша |
Технологиялық нормалау көрсеткіштерінің негіздемесі
___________________________________________________________________
(объектінің атауы, объектінің коды (олар бар болса)
№ р/н | Технологиялық процестің және/немесе жабдықтың атауы | Техниканың атауы |
Шығарылу | Маркерлік заттары | Ағымдағы шама, миллиграмм/нанометр3 (мг/дм3) | Шекті мән миллиграмм/нанометр3 (мг/дм3) | Ең үздік қолжетімді техниканы сәйкестігі |