"Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 мамырда № 36122 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34030 болып тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Бұйрықтың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) Тізбенің 10-тармағының 29-1) тармақшасы 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 25 қаулысына сәйкес "Астана – Технополис" арнайы экономикалық аймағының аумағын кеңейту есебінен енгізілген, Улы Дала даңғылы мен Шыңғыс Айтматов көшесінің қиылысында, Нұра ауданында орналасқан, "Астана – Технополис" арнайы экономикалық аймағының шекаралар жоспарына сәйкес белгіленген жер учаскесіне қолданылады."

      2) Аталған бұйрықпен бекітілген арнайы экономикалық аймақтар бөлінісіндегі басым қызмет түрлерінің тізбесінде:

      10-тармақ мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-1) жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес әкімшілік, тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды салу және пайдалануға беру;"

      10-тармақтың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) жобалық-сметалық құжаттама шеңберінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 29-1) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін тікелей жүзеге асыруға арналған объектілерді, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін салу және пайдалануға беру."

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады