БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 31) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 31) тармақшасына сәйкес әзірленген және шетелдік білім беру ұйымдарында, оның ішінде олардың филиалдарында, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім туралы құжаттарын тану тәртібін айқындайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану тәртібі";
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ЖЖОКБҰ-ның білімі туралы құжаттар беру сәтінде білім туралы құжаттың түпнұсқалығын белгілеу жолымен ғана танылады.
Тану негізінде көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік береді.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Білім туралы құжаттарды тану рәсімінен мынадай адамдар өтпейді:
1) "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері;
2) танудан босататын мынадай құжаттарға және (немесе) халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қойған елдердің білім беру ұйымдарының білімі туралы құжаттардың иегерлері:
2-1) 1992 жылғы 15 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының "Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы" келісімі (бұл ретте 1992 жылғы 15 мамырдан кейін ТМД-ға қатысушы елдердің білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар белгіленген тәртіппен тану рәсімінен өтеді);
2-2) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарты (мүше мемлекеттердің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын еңбекші-мигранттарға қолданылады);
2-3) 2017 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының жұмыс істеуі туралы келісімі;
3) Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар негізінде немесе ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша әрекет ететін шетелдiк жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдары филиалдарының және шетелдiк оқу орындары берген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың иегерлері.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Көрсетілетін қызметті алушы Сараптамалық кеңестің теріс шешімі негізінде қабылданған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаппен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге еркін нысанда апелляциялық өтініш береді. Апелляциялық өтініш танудан бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде беріледі. Апелляциялық өтініш Дәрежелерді беру қағидаларының 28 және 29-тармақтарында көрсетілген тәртіппен қаралады.";
Қағидалардың 3-қосымшасында:
4-реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электронды түрінде (ішінара автоматтандырылған)/ Қағаз түрінде:
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану";
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын беру".
|
";
8-реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
8
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі
|
1.Білім туралы құжатты тану туралы куәлікті алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;
2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
3) заңдастырылған немесе апостильденген білім туралы құжаттың және оған қосымшаның көшірмесі мөрдің аудармасын қоса алғанда, қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
Құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде білім туралы құжат берілген кезде, егер бұл шарт (келісім) білім туралы құжаттарды заңдастырудан және (немесе) апостильдеуден босатуды көздесе немесе мұндай шарт (келісім) болмаған жағдайда, білім туралы құжаттың және оған қосымшаның көшірмесі, сондай-ақ мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда, қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аударма (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы білім туралы құжаттың және оған қосымшаның көшірмесін, олардың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармаларымен бірге (егер құжат толығымен шет тілінде болса) мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда ұсынады.
4) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін – білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы бар).
5) төлем туралы мәліметтер (сұрау салуға жауап болмаған кезде қайта жүгінген кезде талап етілмейді);
6) егер білім туралы құжаттың иесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша оқудан өткен болса, бұйрықтың көшірмесі не тиісті ЖЖОКБҰ-ға жіберу туралы бұйрықтан үзінді көшірме қоса берілсін.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
- портал арқылы жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
2) заңдастырылған немесе апостильденген білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі және мөрдің аудармасын қоса алғанда, қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
Құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде білім туралы құжат берілген кезде, егер бұл шарт (келісім) білім туралы құжаттарды заңдастырудан және (немесе) апостильдеуден босатуды көздесе немесе мұндай шарт (келісім) болмаған жағдайда, білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі, сондай-ақ мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда, қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аударма (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесін, олардың қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармаларымен бірге (егер құжат толығымен шет тілінде болса) мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда ұсынады.
3) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін – білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы бар).
4) төлем туралы мәліметтер (сұрау салуға жауап болмаған кезде қайта жүгінген кезде талап етілмейді).
5) Егер білім туралы құжаттың иесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жолдамасы бойынша оқудан өткен болса, бұйрықтың көшірмесі не тиісті ЖЖОКБҰ-ға жіберу туралы бұйрықтан үзінді көшірме қоса берілсін.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау/бас тарту мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
2. Ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану туралы куәлік алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
2-1. Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жатса, ғылыми дәреже құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді Қағидаларға 1-қосымшаға мынадай құжаттарды қоса бере отырып:
1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;
2) қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған не заңдастырылған дипломның электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болса) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
2-2. Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар санатына жататын болса, онда ғылыми дәреже тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш жібереді:
1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;
2) қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған не заңдастырылған дипломның электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның қазақ немес орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және практик және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болған жағдайда) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
4) шетелдік азаматтың ЖЖОКБҰ шақыруын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі/қағаз түрінде;
5) жұмыс орны бойынша куәландырылған Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қызметін растайтын электрондық көшірме/көшірме.
2-3. Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар санатына жататын болса, онда ғылыми дәреже құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш жібереді:
1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;
2) қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған немесе заңдастырылған дипломның электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және / немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және практик және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болса) қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
4) электрондық көшірмесі/қағаз түрінде ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберу еркін нысандағы құжатпен расталады.
2-4. Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген адамдар санатына жатпаса, онда ғылыми дәреже құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш жібереді:
1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;
2) қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған немесе заңдастырылған дипломның көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және / немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және практик және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болса) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса);
4) диссертация электронды түрде (CD-диск). Шет тіліндегі диссертацияға авторефераттың немесе кеңейтілген аннотацияның (кемінде 40 (қырық) мың баспа белгісі) көшірмесі қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі. Аннотацияда нәтижелер, зерттеудің мақсаттары, міндеттері, таңдалған тақырыптың өзектілігі, негізгі ғылыми ережелер, қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіледі;
5) "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҰМҒТСО) анықтамасының көшірмесі (еркін нысанда) және диссертация қорғалған елдің уәкілетті органының немесе ЖЖОКБҰ-ның диссертацияның плагиатқа тексерілгені туралы анықтамасы (еркін нысанда, бар болса).
6) ғылыми еңбектер тізімі.
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және (немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;
2) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша телнұсқа беру туралы өтініш;
3) Егер тану туралы куәліктің иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен болса, тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерту жазбасы актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы актілік жазба (қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы бар);
4) тану туралы куәліктің түпнұсқасы (егер бар болса);
5) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін-білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы бар);
6) төлем туралы түбіртек (қайта жүгінген кезде талап етілмейді) ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
|
".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
|
С. Нурбек
|