ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақала ауданы әкiмiнiң "Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5417 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 120 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 120 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Саралжын ауылы, Саралжын көшесі 4/2, "Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі ауылдық кітапхана ғимараты.
Шекаралары: Саралжын ауылы, Тоңаша, Шоқа, Қырғын, Балапан, Тасқұдық, Қоңырқұдық, Қақпанқызыл, Қартабай, Жолқызыл, Дүзгінтөбе, Жынғылды, Қияқты қыстаулары.";
№ 126 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 126 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Салтанат ауылы, Салтанат көшесі 15/2, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Салтанат медициналық пункті ғимараты.
Шекаралары: Салтанат ауылы, Кіші Салтанат, Қоңырқұдық, Көзбен, Айпара, Інгенөлген, Саздыбөлек, Ащықызыл қыстаулары.";
№ 132 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 132 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Мәстексай ауылы, Б.Момышұлы көшесі 1/1, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Мәстексай ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Мәстексай ауылы, Шомбал, Бердібек, Неғмет, Шаекен, Жанке, Өтебай, Саралжын, Ащықұдық, Көккөз-1, Көккөз-2, Көккөз-3, Бостыбай, Жанту, Қоңырқұдық, Қисық қыстаулары.";
№ 134 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 134 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қырқопа ауылы, Д.Нүрпейсова көшесі 1/3, "Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қырқопа ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Қырқопа ауылы, Ақ Үй, Қызылбас, Ақсай-1, Ақсай-2, Еңбек, Күйген, Жолқұдық, Сарыгөбен, Делгір, Қаразагон, Балғын, Қарабарақ, Байтоқ, Гүрілдеуік, Жетіқұдық, Орысқопа қыстаулары.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аким района | А. Кушкинбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жаңақала аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
