БҰЙЫРАМЫН:
1. "Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы" № 1-ӘІ есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31810 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
"Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы" № 1-ӘІ есеп нысанында:
3-бөлімнің 5-кестесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сот әкімшілігі
| Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2024 жылғы 19 шілдедегі № 93 бұйрығына қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың 2023 жылғы "27" қантардағы № 43 бұйрығына 1-қосымшасы |
|
| нысан |
"Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы" № 1- ӘІ есебі
3-бөлім. Бірінші сатыдағы соттардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау жөніндегі жұмысы туралы
5-кесте. Әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары қолданылған адамдар туралы мәліметтер
Сот органдары әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларын қолданған Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘҚБтК) баптары | Жол коды | Қ ӘҚБтК-нің 54-бабы бойынша ерекше талаптар белгіленген адамдардың барлығы | ҚР ӘҚБтК-нің 54-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасы бойынша | ҚР ӘҚБтК-нің 54-бабының 1-бөлігінің 2) тармақшасы бойынша | ҚР ӘҚБтК-нің 54-бабының 1-бөлігінің 3) тармақшасы бойынша | ҚР ӘҚБтК-нің 54-бабының 1-бөлігінің 4) тармақшасы бойынша | ҚР ӘҚБтК-нің 54-бабының 2-бөлігі бойынша | ҚР ӘҚБтК-нің 54-бабының 2-1-бөлігі бойынша | ҚР ӘҚБтК-нің 54-бабының 3-бөлігі бойынша |
А | В | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Барлығы | 1 |
