БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:
287-тармақтың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"38) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар деректерді өңдеу орталықтарын сатып алу немесе салу, деректерді өңдеу орталықтары үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін сатып алу.";
мынадай мазмұндағы 335-1-тармақпен толықтырылсын:
"335-1. Осы Қағидалардың 287-тармағының 38) тармақшасына сәйкес жасалған шарт бес жылдан аспайтын мерзімге жасалады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 193 бұйрыққа қосымша |
| Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша |
______жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық жоспары /_____ жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың алдын ала жоспары / _____ жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ұзақ мерзімді жоспары (көрсетілген мәндердің бірін таңдау)
Жалпы мәліметтер
Тапсырыс беруші БСН | Тапсырыс берушінің атауы | Қаржы жылы |
1 | 2 | 3 |
Сатып алу жоспары
№ | Жоспар тармағының типі | Сатып алу нысанасының түрі | Тауардың, жұмыстың, қызметтің коды | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
жалғасы
Қосымша сипаттама | Қосымша сипаттама (орыс тілінде) | Сатып алу тәсілі | Өлшем бірлігі | Саны, көлемі |
Бірлік бағасы, теңге, қосылған құн салығы есебінсіз |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
жалғасы
Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге, қосылған құн салығы есебінсіз | Бес жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома | Бес жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге | Бес жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге | Бес жылдық кезеңнің төртінші жылына арналған болжамды сома, теңге | Бес жылдық кезеңнің бесінші жылына арналған болжамды сома, теңге | Сатып алуды жариялаудың жоспарланған мерзімі (ай) | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде) | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде) |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
ӘАОС | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақтілінде) | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыстілінде) | Аванстық төлем мөлшері, % | Сатып алу бастамашысының атауы | Ескертпе |
22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
Жалпы мәліметтер:
1) "Тапсырыс берушінің БСН" деген жолақ – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (он екі мәндегі код);
2) "Тапсырыс берушінің атауы" деген жолақ - ұйымның толық атауы көрсетіледі;
3) "Қаржы жылы" деген жолақта – сатып алу жоспары жасалатын қаржы жылы көрсетіледі.
Сатып алу жоспары:
1) "№" деген жолақта – веб-портал айқындайтын сатып алудың сәйкестендіру коды;
2) "Жоспар тармағының түрі" деген жолақта-жоспар тармағы түрлерінің мынадай мәндерінің бірі көрсетіледі:
Қаржы жылынан аспайтын сатып алулар;
Қаржы жылынан асатын сатып алулар;
Шартты үнемдеу есебінен сатып алу;
3) "Сатып алу нысанасының түрі" деген жолақта - сатып алу нысанасының түрі (тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет) көрсетіледі;
4) "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолақта - тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;
5) "Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі.;
6) "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы)" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы) көрсетіледі.;
7) "Қосымша сипаттамасы (қазақ тілінде)" деген жолақта – сатып алу нысанасының қазақ тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);
8) "Қосымша сипаттамасы (орыс тілінде)" деген жолақта – сатып алу нысанасының орыс тіліндегі қосымша сипаттамасы көрсетіледі (міндетті емес жол);
9) "Сатып алу тәсілі" деген жолақта – сатып алуды өткізу тәсілі көрсетіледі;
10) "Өлшем бірлігі" деген жолақта – "Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алу нысанасының өлшем бірлігі көрсетіледі.;
11) "Саны, көлемі" деген жолақта – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің саны немесе көлемі көрсетіледі;
12) "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолақта – теңгеде сатып алу нысанасының бірлігі үшін баға көрсетіледі;
13) "Сатып алу үшін бекітілген сома, теңге" деген жолақта – "Саны, көлемі" деген жолақтың мәнін "бірлік үшін баға, теңге" деген жолаққа көбейту арқылы есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы білдіреді;
14) "Бес жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома" деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің бірінші жылына жоспарланған сома көрсетіледі;
15) "Бес жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
16) "Бес жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
17) "Бес жылдық кезеңнің төртінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің төртінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
18) "Бес жылдық кезеңнің бесінші жылына арналған болжамды сома, теңге" деген жолақта – теңгеде бес жылдық кезеңнің бесінші жылына арналған болжамды сома көрсетіледі;
19) "Сатып алуды жариялаудың жоспарланған мерзімі (ай)" деген жолақта-сатып алуды өткізу жоспарланған ай көрсетіледі;
20) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі қазақ тілінде көрсетіледі;
21) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі орыс тілінде көрсетіледі;
22) "ӘАОС" деген жолақта – "Әкімшілік-аумақлік объектілер сыныптауышы" анықтамалығына сәйкес сандық мәнде елді мекеннің коды көрсетіледі;
23) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны қазақ тілінде көрсетіледі;
24) "Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны орыс тілінде көрсетіледі;
25) "Аванстық төлемнің мөлшері, %" деген жолақта - жоспарланған аванстық төлемнің мөлшері көрсетіледі.
