"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 19-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.07.2026 № 71 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің мәйітін тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 26 ақпандағы № 47/қе бұйрығымен бекітілген |
Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің мәйітін тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің мәйітін тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 81-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі №2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 19-тармағының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары) қызметкерлерінің мәйітін тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.07.2026 № 71 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
алушы – қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің мәйітін тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды жүзеге асыратын тұлға;
жауапты бөлімше – шығыстарды өтеу туралы бұйрықты әзірлеуге жауапты болып анықталған кадр бөлімшесі (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппаратында және орталық аппараты жанында –құрылымдық бөлімшенің кадр бөлімшесі);
уәкілетті басшы – "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметкерлермен келісімшарт жасасу, оларды лауазымға тағайындау, ауыстыру, қызметтен босату, шығару, оларға арнаулы атақ беру (жеке құрам бойынша бұйрықтар), сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау, тоқтата тұру және ұзарту туралы бұйрықтар шығару құқығы берілген лауазымды адам.
3. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің мәйітін тасымалдауға дайындауға, мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды өтеу (бұдан әрі – шығыстарды өтеу), егер олар қызмет өткеру кезінде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қаза тапқан немесе қайтыс болған жағдайда жүргізіледі.
Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінен шығарылған адамдарға шығыстарды өтеу, егер олар 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс іс-қимылдары мен бітімгершілік операцияларының қатысушылары болған жағдайда жүргізіледі.
4. Шығыстарды өтеу "Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қаза болған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 1102 қаулысымен белгіленген көлемдерде жүргізіледі.
5. Шығыстарды өтеу тек бір рет жүзеге асырылады. Бұл ретте шығыстарды өтеу мөлшерін есептеу үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген адамдардың қаза тапқан (қайтыс болу) күніне бір айлық есептік көрсеткіш қолданылады.
2-тарау. Шығыстарды өтеу тәртібі
6. Ұлттық қауіпсіздік органы шығыстарды қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған қызметкердің соңғы қызмет орны бойынша өтеуді жүзеге асырады (бұдан әрі – мекеме).
Шығыстарды өтеу үшін алушы мыналарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанда өтініш;
2) қаза болғаны туралы куәліктің немесе хабарламаның көшірмесі;
3) алушы құжатының көшірмесі (жеке куәлік немесе (заңды тұлғалар үшін) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәлік) немесе (жеке тұлға үшін) жеке кәсіпкер патент);
4) алушының теңгедегі банк шотының нөмірі туралы мәлімет;
5) мәйітті тасмалдауға дайындауға, мәйітті тасмалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен орнатуға байланысты шығыстарды растайтын құжат.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар туралы мәліметтер "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 30.07.2026 № 71 қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мекеменің жауапты бөлімшесі өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар көлемінің толықтығын тексереді және мынаны қосып тігеді:
1) қызметкердің қаза болу (өлімі) себебі мен жағдайының қызметтік тексеріс материалдарының көшірмелері және (немесе) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың ұлттық қауіпсіздік органдарындағы қызметті өткерумен байланысты ауруының, мертiгуiнiң (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) және қаза болуының (қайтыс болуының) себептi байланысы туралы әскери-дәрігерлік комиссиясының қорытындысының көшірмелері;
2) қаза болған (қайтыс болған) қызметкерді мекеменің жеке құрам тізімінен шығару жөніндегі бұйрықтан үзінді.
Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге пысықтау үшін кері қайтарады.
8. Осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттар пакетінің толықтығы тексерілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде шығыстарды өтеу туралы уәкілетті басшының бұйрығы шығарылады.
9. Мекеменің жауапты бөлімшесі шығыстарды өтеу туралы бұйрықтан көшірмені, бұйрық шыққан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы мекеменің қаржы бөлімшесіне осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қоса жолдайды.
10. Мекеменің қаржылық бөлімшесі шығыстарды өтеуге құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде төлемді қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері арқылы жүзеге асырады.
Өтініш
Сізден, маған қызметті өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану,
жарақаттану, контузия алу), ауру салдарынан қайтыс болған
(қажеттісін астын сызу)___________________________________________________,
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
мәйітін тасымалдауға дайындауға мәйітті тасымалдауға, жерлеуге, құлпытас жасау мен
орнатуға байланысты шығыстарды өтеуді сұраймын.
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1.____________________________
2.____________________________
3.____________________________
4.____________________________
5.____________________________
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес өтінішті қарау үшін талап етілген, шектеулі рұқсаттағы жеке деректерді қарауға рұқсатымды беремін.
20___ жылғы "____" ____________
Өтініш берушінің қолы _______________________________________
