Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сырым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сырым аудандық мәслихат төрағасы | Ш. Дуйсенгалиева |
| 2023 жылғы 31 тамыздағы № 8-15 шешіміне қосымша |
1. Сырым аудандық мәслихатының "Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 16-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27746 болып тіркелген);
2. Сырым аудандық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 16-2 "Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 27-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31406 болып тіркелген);
3. Сырым аудандық мәслихатының "Сырым аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 16-2 "Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 2 маусымдағы № 5-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7195-07 болып тіркелген).
