Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 20.03.2024 № 20/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күршім аудандық мәслихатының "Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3/4-VII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8677 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындаудың Қағидасында:
1-тармақтың 5-абзацы мынандай редакцияда жазылсын:
"Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он) пайыз мөлшерінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | К. Бахтияров |
