Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 29.02.2024 № 14-14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Аққайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2022 жылғы 12 тамыздағы № 17-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29128 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Аққайың ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Уәкілетті орган тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартады.";
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Тұрғын үй көмегі келесі жағдайларда тоқтатылады:
1) алушының қайтыс болуы;
2) алушының Аққайың ауданынан тыс тұрақты тұруға шығуы;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу;
4) өтініш беруші ұсынған дұрыс емес мәліметтерді анықтау.";
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де тәртіппен қайтарылуға жатады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының төрағасы | Е. Жакенов |
