"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы | Н. Уразалинов |
| Мәслихаттың | |
| 2023 жылғы 27 желтоқсандағы | |
| № 96 шешіміне | |
| қосымша |
Жітіқара аудандық мәслихатының кейбір шешімдері күші жойылғандардың тізбесі
1. Мәслихаттың "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 375 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8910 болып тіркелген);
2. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 375 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 69 шешімі;
3. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 375 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 қарашадағы № 84 шешімі;
4. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2020 жылғы 13 қантардағы № 375 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 16 мамырдағы № 40 шешімі.
