Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Семей қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Семей қаласы әкімі | |
| Н. Нурсагатов |
| Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 965 қаулысына қосымша |
Семей қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Нұсқаулығын бекіту туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 ақпандағы № 175 қаулыcы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-2-30 болып тіркелген).
2. "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Нұсқаулығын бекіту туралы" 2006 жылғы 22 ақпандағы № 175 қаулыға өзгеріс енгізу туралы" Семей қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы № 684 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-2-94 болып тіркелген).
3. "Әкімдіктің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 478 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-2-112 болып тіркелген).
