"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округінің Баяғыз ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Островский көшесі Төле би көшесіне;
Набережная көшесі Қазыбек би көшесіне;
Школьная көшесі Қорқыт ата көшесіне;
Клубная көшесі Әйтеке би көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылсай ауылдық округінің әкімі | С.Ахметов |
