"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 – бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 – бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 – бабына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2022 жылғы 06 желтоқсандағы № 264 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі Берел ауылының аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруы ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық - санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округінің Берел ауылында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 27587 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жамбыл ауылдық округінің әкімі | А. Аманов |
