Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шардара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 215 "Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Түркістан облысы "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шардара ауданының әкімі | К. Жолдыбай |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түркістан облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік мекемесі
| Шардара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № 62 қаулысына қосымша |
|
| Шардара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 215 қаулысына қосымша |
Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ р/с | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Автомобиль жолдарының мекен-жайы, шақырым | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | KXSH-1 | "КХ-72 Абай-Шардара" - Водозабор | 0-1,7 | 1,7 |
2 | KXSH-2 | "КХ-72 Абай-Шардара" - Дача "Достык" | 0-1,8 | 1,8 |
3 | KXSH-3 | "КХ-72 Абай-Шардара" - Бағыскөл | 0-0,6 | 0,6 |
4 | KXSH-4 | "КХ-8 Шардара-Арыс-Темірлан" - Ақберды | 0-3,5 | 3,5 |
5 | KXSH-5 | "КХ-8 Шардара-Арыс-Темірлан" - Бозай (Есалы кұдық) | 0-1,5 | 1,5 |
6 | KXSH-6 | "КХ-8 Шардара-Арыс-Темірлан" – Нефтебаза | 0-0,4 | 0,4 |
7 | KXSH-7 | "КХ-8 Шардара-Арыс-Темірлан"- Қоссейіт | 0-3,0 | 3,0 |
8 | KXSH-8 | "КХ-8 Шардара-Арыс-Темірлан"- Баспанды-Жоласар | 0-15 | 15 |
9 | KXSH-9 | "КХ-8 Шардара-Арыс-Темірлан"- Айдаркөл қашар | 0-3,8 | 3,8 |
10 | KXSH-10 | "КХ-8 Шардара-Арыс-Темірлан"- Қазақстан | 0-0,3 | 0,3 |
11 | KXSH-11 | "КХ-8 Шардара-Арыс-Темірлан"- Целинное | 0-0,3 | 0,3 |
12 | KXSH-12 | "КХ-8 Шардара-Арыс-Темірлан"- Қызылқұм | 0-1,1 | 1,1 |
13 | KXSH-13 | "КХ-8 Шардара-Арыс-Темірлан"-Ақалтын-Егізқұм | 0-11,8 | 11,8 |
14 | KXSH-14 | "КХ-8 Шардара-Арыс-Темірлан" - Достық | 0-0,23 | 0,23 |
15 | KXSH-15 | "КХ-72 Шардара-Абай" | 0-2,0 | 2,0 |
16 | KXSH-16 | "КХ-8 Шардара-Арыс-Темірлан" – Алтын жағажай | 0-2,0 | 2,0 |
17 | KXSH-17 | "КХ-8 Шардара-Арыс-Темірлан" – Көксу | 0-1,2 | 1,2 |
Шардара ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша барлығы | 50,23 | |||
