"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Тоқсан би ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуіріндегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Нежинка ауылдық округінің Тоқсан би ауылындағы көшелер қайта аталсын:
Комсомольская көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесіне;
Пионерская көшесін Конституция көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Нежинка ауылдық округінің әкімі | М. Дюселеков |
