"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық кұрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Баймырза ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылдың 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Үлкен Қараой ауылдық округінің Баймырза ауылының көшелері қайта аталсын:
Гагарина көшесін Мәншүк Мәметова көшесіне;
Комсомольская көшесін Абылай хан көшесіне;
Октябрьская көшесін Абай көшесіне;
Рижская көшесін Кенесары көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Үлкен Қараой ауылдық округінің әкімі | Н. Кантаев |
