Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Бубенко |
| Солтүстік Қазақстан облыстық | |
| мәслихатының 2022 жылғы | |
| 28 қыркүйектегі № 21/5 | |
| шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасы туралы" 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 32/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3111 болып тіркелді);
2. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 19 наурыздағы № 33/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3232 болып тіркелді);
3. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 19 наурыздағы № 33/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 10/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4051 болып тіркелді);
4. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 33/5 "Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 17 наурыздағы № 3/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7196 болып тіркелді).
