ШЕШТІМ:
1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 2 "Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1591 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында № 593 сайлау учаскесі алынып тасталсын.
2. "Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жариялағаннан кейін Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алатау ауданының әкімі | А. Калдыбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Алматы қаласының
аумақтық сайлау комиссиясы
