Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Абай аудандық мәслихатының келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) 2017 жылғы 16 наурыздағы № 14/148 "Абай қаласы, Абай ауданының Қарабас және Топар кенттері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4214 болып тіркелген);
2) 2021 жылғы 18 наурыздағы № 4/49 "Абай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы 14 сессиясының № 14/148 "Абай қаласы, Абай ауданының Қарабас және Топар кенттері бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6264 болып тіркелген).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Сакенов |
| Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 25/249 шешіміне қосымша |
Абай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жанауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 21.07.2026 № 56/511 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Атауы | Жылына 1 тұрғынға жинақтау нормасы,м3 | Есептік бірлік | Қызмет құны (қосылған құн салығынсыз), теңге | Всего, тенге | |||
Жинау, тасымал дау | Жерлеу | Сұрыптау | Қосылған құн салығы жоқ | Қосылған құн салығымен | |||
Абаттандырылған иеліктегі үй | 1,96 | 1 тұрғыннан айына | 291,05 | 269,38 | 54,57 | 615,00 | 713,40 |
Абаттандырылмаған иеліктегі үй | 2,53 | 375,70 | 347,72 | 70,44 | 793,86 | 920,88 | |
Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар үшін бірлікке (көлемге) жылдық тариф | - | 1 м3 | 1781,96 | 1649,25 | 334,11 | 3765,32 | 4367,77 |
