"Қайырымдылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Д. Қыдырәлі |
| Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 бұйрықпен бекітілген |
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 31.12.2025 № 701-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қайырымдылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабы 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және қайырымдылық саласындағы құрметті атақ (бұдан әрі – құрметті атақ) беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) демеушілік қызмет – демеушінің Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес демеушінің атын көпшілікке танымал ету шарттарымен демеушілік көмек көрсету жөніндегі қызметі;
2) кіші отан – аумағында жеке тұлға туған және (немесе) өз өмірінің бір бөлігін өткізген Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;
3) кіші отанды қолдау – патриотизмге негізделген, кіші отанға қолдау көрсетуге бағытталған ерікті қызмет;
4) қайырымдылық – қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету түрінде ерікті, өтеусіз не жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет;
5) қайырымдылық волонтері – қайырымдылық ұйымымен немесе пайдаланушымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде өз тәжірибесін, арнайы дағдыларын, білімін, икемін, жеке байланыстарын қолдану арқылы қаражат жинауға қатысатын жеке тұлға;
6) қайырымдылық ұйымы – Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қайырымдылықты жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым;
7) меценаттық қызмет – меценаттың Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ғылымды, инновацияларды, білімді, мәдениетті, өнерді, спорттық шеберлікті дамытуға, қоғам мен мемлекеттің тарихи және этномәдени игілігін сақтауға өзінің ізгілік еркі негізінде қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі қызметі;
8) мүдделер қақтығысы – Құрметті атақ беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) немесе жұмыс тобының құрамына кіретін адамдардың жеке мүдделері олардың өз міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін жағдай;
9) филантропиялық қызмет – филантроптың Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қоғамның және адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін өзінің жеке ресурстарын бөлуге негізделген ерікті қызметі.
3. Құрметті атақ Қазақстан Республикасының аумағында қоғамға пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті (демеушілік, меценаттық, филантропиялық, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметті) жүзеге асыратын қайырымдылық субъектілеріне (қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары және қайырымдылық волонтерлері) конкурс негізінде беріледі.
4. Құрметті атақ мынадай:
ірі әлеуметтік жобаларды, оның ішінде кіші отанды дамытуға және қолдауға бағытталған жобаларды іске асыру;
аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған/өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, зейнеткерлерге өтеусіз көмек көрсету;
төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, қандастарға, сондай-ақ аумақтарға көмек көрсету;
Қазақстан Республикасының және (немесе) шетелдегі медициналық мекемелерінде шұғыл ақылы емделуге мұқтаж жеке тұлғаларға қайырымдылық көмек көрсету;
ғылым, инновациялар, білім, мәдениет, өнер, спорт саласында қайырымдылық көмек көрсету, сондай-ақ қоғамның тарихи және этномәдени игілігін сақтауға көмектесу;
жануарларға қайырымдылық көмек көрсету;
кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік қайырымдылықты дамыту бағыттары бойынша қайырымдылық саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін беріледі.
2-тарау. Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру тәртібі
5. Құрметті атақтар беру жөніндегі ұсыныстарды (бұдан әрі – ұсыныс) қабылдау туралы хабарландыру қайырымдылық саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында тиісті жылдың 1 тамызынан кешіктірмей орналастырылады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар 1 қыркүйекті қоса алғанда жыл сайын уәкілетті органға мына тәсілдердің бірі арқылы тапсырады:
1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы және (немесе) уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда);
2) хабарландыруда көрсетілген уәкілетті органның электрондық поштасына (DOC, DOCX, PDF форматында) береді.
Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1 және 2 қосымшыларға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;
2) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
3) құрметті атақ беру үміткердің (бұдан әрі – үміткер) немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);
4) әлеуметтік желілердегі парақшаға сілтеме (болған жағдайда).
Құрметті атақты алғаннан кейін 3 (үш) жыл ішінде қайта ұсынылуына жол берілмейді.
Қайырымдылық субъектілері тек бір бағыт бойынша құрметті атақ беруге ұсынылады.
6. Үміткер құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті орган құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жұмыс тобы мүшелеріне оған бағалау жүргізу үшін жолдайды.
Үміткер осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды толық топтамасын ұсынбаған кезде уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде үміткердің электрондық поштасына құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкес келтіру туралы хабарлама жолдайды.
Үміткер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жетіспейтін құжаттарды ұсынады.
Үміткер құжаттарды осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келтірмеген кезде, уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды конкурсқа қатысуға қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап жолдайды.
7. Құрметті атақ берудің ұсынымдары 2 (екі) кезеңмен қаралады.
1 (бірінші) кезеңде уәкілетті орган құрметті атақ беруге үміткерлердің құжаттарын бағалауды жүргізу үшін құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жұмыс тобының құрамын қалыптастырады және бірінші басшының бұйрығымен бекітеді.
Жұмыс тобы мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, құрметті атақ берудің тиісті бағыттары бойынша сарапшылар қатарынан тұрады.
Әр бағыттағы жұмыс тобы мүшелерінің саны кемінде 3 (үш) адамды құрайды.
Жұмыс тобының құрамына Комиссияның мүшелері кірмейді.
8. Жұмыс тобының құрамы бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган жұмыс тобының мүшелеріне электрондық пошта арқылы үміткерлердің құжаттары мен бағалау парақтарын жолдайды.
9. Мүдделер қақтығысы туындаған кезде жұмыс тобының мүшесі үміткерлердің құжаттарын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде туындаған мүдделер қақтығысы туралы уәкілетті органды еркін жазбаша нысанда хабардар етеді және жұмыс тобының құрамынан шығаруға жатады.
Хабарлама уәкілетті органға қағаз және (немесе) электронды нысанда жіберіледі.
Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның жұмыс тобының басқа мүшесінде туындау мүмкіндігі туралы ақпарат болған кезде ол туралы ақпарат уәкілетті органның назарына жеткізілуге тиіс.
Уәкілетті орган мүдделер қақтығысы туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жұмыс тобының мүшесіне қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы шешім қабылдайды және жұмыс тобының жаңа құрамын бекітеді.
10. Жұмыс тобының әр мүшесі уәкілетті органнан құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтыра отырып, төменде көрсетілген өлшемшарттар бойынша үміткерлердің құжаттарын 0-ден 5 балға дейін зерделейді және бағалайды:
1) әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі;
2) қайырымдылық қызметінің сандық нәтижелерінің болуы;
3) қайырымдылық көмекті жүзеге асырудың тұрақтылығы мен әсері.
Әрбір критерий бойынша балдар жинақталады және жалпы балл қойылады.
Уәкілетті орган жұмыс тобы мүшелерінен электрондық пошта арқылы жіберілетін бағалау парағын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бағалау парақтарын тексереді және әрбір бағыт бойынша жұмыс тобы мүшелерінің бағалауларының жалпы қорытындыларын жеке шығарады.
Уәкілетті орган бағалаудың жалпы қорытындыларын шығарған кезде үміткерлердің бағалау парағын мынадай көрсеткіштер бойынша жалпы балын айқындайды:
0-ден 7-ге дейін – төмен;
8-ден 11-ге дейін – орташа;
12-ден 15-ке дейін – жоғары.
2 (екінші) кезеңге жалпы орташа балдың жоғары және орташа көрсеткіші бар үміткерлер өтеді.
11. Құрметті атақ беру Комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Комиссия мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерінен, қоғам қайраткерлерінен, сарапшылар мен Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарынан қалыптастырылады.
12. Комиссияны төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.
Комиссияның төрағасы мемлекеттік органдардың өкілдерін қоспағанда, комиссия мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы оның мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады.
13. Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
14. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде 15 (он бес) адамды құрайды.
Комиссия құрамына жұмыс тобының мүшелері кірмейді.
15. 2 (екінші) кезеңде уәкілетті орган тексеру рәсімі аяқталған және бағалаудың жалпы қорытындылары шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссияның құрамың қалыптастырады және уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітеді.
16. Үміткерді бекіту туралы шешім жұмыс тобы мүшелерін бағалаудың жалпы қорытындыларын алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Комиссияның отырысында қабылданады.
17. Мүдделер қақтығысы туындаған кезде Комиссия мүшесі жұмыс тобы мүшелерін бағалаудың жалпы қорытындыларын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Комиссия төрағасын екінші кезеңге өткен үміткерлермен мүдделер қақтығысының бар екендігі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
Комиссияның басқа мүшесінде мүдделер қақтығысы туындаға жағдайда, ол туралы ақпарат Комиссия төрағасының назарына жеткізілуі тиіс.
Мүдделер қақтығысының туындағаны немесе туындау мүмкіндігі туралы хабарлама алғаннан кейін Комиссия төрағасы Комиссия мүшесінің өзіне қарсылық білдіруге (өздігінен бас тарту) немесе Комиссияның басқа мүшесіне қарсылық білдіруге бастамашылық жасайды.
Шеттету туралы шешім оның мүшелерінің көпшілік даусымен ашық дауыс беру жолымен қабылданады және Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Уәкілетті орган қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы хаттаманы алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Комиссия құрамын қайта қарайды.
18. Комиссия жұмыс тобы мүшелерін бағалаудың жалпы қорытындылары негізінде жеке ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен құрметті атақ беруге үміткерді бекіту туралы шешім қабылдайды.
Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің үштен екісінен астамы қатысса, ол заңды деп есептеледі.
Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қояды.
Құрметті атақ беруді Уәкілетті органның бірінші басшысы немесе басқа да лауазымды адамдары салтанатты жағдайда жүргізеді.
19. Құрметті атақ "Қайырымдылық үшін" төсбелгісімен белгіленеді.
Құрметті атаққа ие болған адамдарға осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген сипаттамаға сәйкес төсбелгі табыс етіледі.
20. Құрметті атаққа ие болған адамдарды есепке алуды Уәкілетті органның Персоналды басқару қызметі жүзеге асырады.
| Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге ұсыныс (жеке тұлғалар үшін)
1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ____________________
2. Туған күні (жылы, күні, айы)_______________________________
3. Туған жері____________________________________________________
(республика, облыс, қала, аудан, ауыл)
4. Жынысы _____________________________________________________
5. Білімі________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы)
6. Білімі бойынша мамандығы______________________________________
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болған кезде)
_______________________________________________________________
8. Жұмыс орны және атқаратын лауазымы
_______________________________________________________________
9. Қандай мемлекеттік наградалармен наградталды және наградтау күндері
_________________________________________________________
10. Үйінің мекенжайы__________________________________________
11. Жалпы жұмыс өтілі ___________________________________________
12. Саладағы жұмыс өтілі__________________________________________
13. Қайырымдылық саласындағы жұмыс тәжірибесі___________________
14. Үміткердің нақты сіңірген айрықша еңбегін көрсете отырып, сипаттама
беру__________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
15. Қайырымдылық саласының дамуына қосқан әлеуметтік үлесі және оның
нәтижелері туралы ақпарат (әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді
шешуге қосқан үлесін, көрсетілген/көрсетіп жатқан қайырымдылық қызметінің санын
және қайырымдылық көмекті жүзеге асырудың әсерін көрсету)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
16. Қосымша ақпарат (дипломдар, грамоталар, алғыс хаттар, мақалалар,
жарияланымдар, мемлекеттік наградалармен наградтау туралы, сондай-ақ әлеуметтік
желілердегі парақшаларына сілтемелер)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге ұсынылады.
Ұсынысты жіберетін адам_______________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
жылғы "____" ____________
Ескертпе: атақ берілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
мемлекеттік немесе орыс тілдерінде транскрипциясын міндетті түрде көрсете отырып,
жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша толтырылады.
| Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге ұсыныс (заңды тұлғалар үшін)
1.Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес ұйымның атауы
________________________________________
_________________________________________________________________
2. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні __________________________
(жылы, күні, айы)
3. Ұйымның заңды мекенжайы_____________________________________
________________________________________________________________
(республика, облыс, қала, аудан, ауыл)
4. Ұйым қызметінің негізгі бағыты __________________________________
_________________________________________________________________
5. Мемлекеттік наградалар_________________________________________
_________________________________________________________________
6. Қайырымдылық саласындағы жұмыс тәжірибесі (іске асырылатын/іске асырылған
қайырымдылық бағдарламалары, жобалар) _____________________
___________________________________________________________
____________________________________________________________
7. Қайырымдылық саласының дамуына қосқан әлеуметтік үлесі және оның нәтижелері
туралы ақпарат (әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан
үлесін, көрсетілген/көрсетіп жатқан қайырымдылық қызметінің санын және
қайырымдылық көмекті жүзеге асырудың әсерін көрсету)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
8. Қосымша ақпарат (дипломдар, грамоталар, алғыс хаттар, мақалалар,
жарияланымдар, мемлекеттік наградалармен наградтау туралы, сондай-ақ әлеуметтік
желілердегі парақшаларына сілтемелер)
__________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Ұсынысты жіберетін адам_______________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
жылғы "____" ____________
(Мөрдің орны)
(ол болған жағдайда)
| Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Бағалау парағы
Жұмыс тобының мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
___________________________________________________________________
Толтырылған күні:_____________________________________________
Іріктеу өлшемшарттары:
1. Әлеуметке бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі (әсері жоқ – 0 балл, әсері әлсіз – 1-2 балл, әсері қанағаттанарлық – 3 балл, әсері жақсы – 4 балл, әсері өте жақсы – 5 балл);
2. Қайырымдылық қызметінің сандық нәтижелерінің болуы (нәтиже жоқ – 0 балл, деңгейі төмен – 1-2 балл, қызмет деңгейі орташа – 3-4 балл, деңгейі жоғары – 5 балл);
3. Қайырымдылық көмекті жүзеге асырудың орнықтылығы мен әсері (әсері жоқ – 0 балл, әсері әлсіз – 1-2 балл, әсері қанағаттанарлық – 3 балл, әсері жақсы – 4 балл, әсері орнықты – 5 балл).
№ |
Ұйымныңа атауы/ | Әлеуметтік бағытталған, қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі | Қайырымдылық қызметінің сандық нәтижелерінің болуы | Қайырымдылық көмекті жүзеге асырудың орнықтылығы мен әсері | Балл сомасы | Түсіндірме |
1 | ||||||
2 | ||||||
… |
_________(Қолы)
| Қайырымдылық саласындағы | |
| құрметті атақ беру | |
| қағидаларына | |
| 4-қосымша |
"Қайырымдылық үшін" төсбелгісінің сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) "Қайырымдылық үшін" төсбелгісі Қазақстан Республикасында қайырымдылық қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін азаматтарды қоғамдық тану және көтермелеу белгісі болып табылады.
"Қайырымдылық үшін" төсбелгісі белгіден және тағаннан тұрады.
Төсбелгі сары түстес жез металдан жасалған диаметрі 32 мм дұрыс шеңбер түрінде болады.
Медальдің беткі жағында (аверсте) бірінші көріністе күннің бейнесі жасалған, оның ішінде қызыл жүрек пен көгілдір түсте алақан орналасқан.
Медальдің сыртқы жағында (реверсте) шетін бойлай ұлттық ою-өрнек орналасқан. Ортаңғы бөлігінде "ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҮШІН ____ ж." деген жазу бар жүрек орналасқан.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы сары түстес жез металдан жасалған ені 24 мм тікбұрышты планкаға жалғасады. Орталық бөлігінде ұлттық ою-өрнек орналасқан. Таған қатқыл лентамен көмкерілген.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеті ернеумен жиектелген. Тағанның сыртқы жағында бұйымды киімге бекітетін визорлы бекіткіші бар түйреуіш орнатылған.
