Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 мамырда № 27883 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілеп отырған Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.

      2. "Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 741 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12592 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Бәсекелестікті құқықтық реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға С. Жумангарин

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі Төрағасының
2022 жылғы 3 мамырдағы
№ 13 бұйрығымен
бекітілген

Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 06.10.2026 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) көзделген жағдайларда тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу үшін қолданылады.

      2. Осы Әдістемеде Кодексте айқындалған ұғымдар пайдаланылады.

      3. Бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жоспарлы және жоспардан тыс негіздерде жүргізіледі.

      Тиісті күнтізбелік жылға арналған монополияға қарсы орган басшысының бұйрығымен бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілген талдау жоспарлы болып табылады.

      Бәсекелестіктің жай-күйіне жоспарлы талдаулар жүргізу үшін тауар нарықтарын іріктеу осы Әдістемеге қосымшада көзделген критерийлер негізінде жүзеге асырылады.

      Тауар нарықтарының жоспарлы талдауларының тізбесі монополияға қарсы органның интернет-ресурсында жоспар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде орналастырылады.

      Жоспарлы талдаудың басталу күні монополияға қарсы орган басшысының бұйрығымен бекітілген жоспарда белгіленеді.

      Монополияға қарсы орган басшысының, оның орынбасарларының немесе аумақтық бөлімшелер басшыларының тапсырмасы бойынша жазбаша не электрондық нысанда ресімделген талдау жоспардан тыс болып табылады.

      Жоспардан тыс талдаудың басталу күні тиісті тапсырманың күні болып есептеледі.

      4. Егер монополияға қарсы органның (аумақтық бөлімшелер үшін) тапсырмасында өзгеше мерзім (алты айдан кем) көрсетілмесе, тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жоспарлы талдау жүргізу мерзімі он екі айдан, ал жоспардан тыс талдау алты айдан аспайды.

      Қажет болған жағдайда монополияға қарсы орган не оның аумақтық бөлімшесі басшысының дәлелді шешімімен тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу мерзімін үш айдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартуға жол беріледі. Дәлелді шешім ұзарту қажеттілігін тудырған нақты мән-жайларды және талдауды аяқтаудың жаңа мерзімін көрсете отырып, талдау жүргізу мерзімі аяқталғанға дейін қабылданады.

      5. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) тауарлардың өзара алмастырылу өлшемшарттарын айқындау;

      2) тауар нарығының шекараларын айқындау;

      3) тауар нарығын зерттеудің уақыт аралығын айқындау;

      4) тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамын айқындау;

      5) тауар нарығының көлемі мен нарық субъектілерінің үлестерін есептеу;

      6) тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау;

      7) бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін, нарық субъектілерінің қызметіне кедергілердің, қиындықтардың не өзге де шектеулердің болуын куәландыратын мән-жайларды немесе белгілерді айқындау, оның ішінде тауар нарығына кіру тосқауылдарын айқындау;

      8) тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілетін тұжырымдар.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 7) тармақшаларында көзделген кезеңдерді жүргізу кезінде соңғы үш жылдағы тиісті тауар нарықтарының алдыңғы талдауларының нәтижелері пайдаланылуы мүмкін.

      Экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде, сондай-ақ Кодекстің 218-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау осы тармақтың 6), 7) тармақшаларын алып тастайды.

      Егер үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтау кезінде тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нарық субъектісінің үлесі отыз бестен астам, бірақ елу пайыздан аз пайызды құрайтынын немесе нарық субъектілерінің жиынтық үстемдігі бар екендігін көрсеткен жағдайда, осы тармақта көзделген барлық кезеңдерді сақтай отырып, тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу қажет.

      6. Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау кезінде бастапқы ақпарат ретінде:

      1) мемлекеттік статистиканың деректері, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан және оның аумақтық бөлімшелерінен алынған мәліметтер;

      2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардан алынған мәліметтер;

      3) салық және кедендік әкімшілендіру саласындағы уәкілетті органның мәліметтері;

      4) уәкілетті мемлекеттік органдардан, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінен алынған мәліметтер;

      5) жергілікті атқарушы және өкілді органдардан алынған мәліметтер;

      6) жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде осы тауарды тұтынушылар мен сатушылар монополияға қарсы органның сұрау салуы бойынша не өз бастамасы бойынша жазбаша немесе электрондық нысанда ұсынған мәліметтер;

      7) тұтынушылар қауымдастықтарының (бірлестіктерінің) мәліметтері;

      8) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары;

      9) монополияға қарсы органның өз зерттеулерінің деректері;

      10) маркетингтік, әлеуметтік зерттеулердің, іріктеп сауал жүргізудің және нарық субъектілерінің, азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың сауалнама деректері;

      11) тауар нарықтарының жай-күйі, құрылымы мен көлемдері, жекелеген тауар өндірушілер мен сатып алушылардың тауар айналымына қатысуы туралы ведомстволық және тәуелсіз ақпарат орталықтары мен қызметтерінің деректері пайдаланылуы мүмкін.

2-тарау. Тауарлардың бірін-бірі өзара алмастыру өлшемшарттарын айқындау

      7. Нақ сол бір тауар нарығында айналатын, алмастырушысы немесе бірін-бірі өзара алмастыру тауарлары жоқ тауарды бірін-бірі өзара алмастыру өлшемшарттарын айқындау рәсімі мыналарды қамтиды:

      1) тауардың атауын айқындау;

      2) сатып алушының таңдауын айқындайтын тауардың қасиеттерін және осы тауар үшін әлеуетті бірін-бірі өзара алмастыратын болып табылатын тауарларды айқындау;

      3) бірін-бірі өзара алмастыратын тауарларды айқындау.

      8. Тауардың атауын алдын ала айқындау мына өлшемшарттардың біреуі немесе олардың жиынтығы:

      1) тауар сөздіктерінің немесе тауартанушылар анықтамалығының;

      2) тиісті салада арнайы білімі бар мамандар қорытындыларының;

      3) лицензия беру туралы шешімдердің, лицензияның болуын растайтын құжаттардың;

      4) мәні қаралатын тауар болып табылатын шарт талаптарының;

      5) тауарды біржақты анықтауға мүмкіндік беретін тәсілдің негізінде жүргізіледі.

      9. Сатып алушының таңдауын айқындайтын тауардың қасиетін анықтау кезінде мыналар талданылады:

      1) тауардың функционалдық міндеті және қолдану, оның ішінде тауарды тұтыну мақсаты және оның тұтынушылық қасиеті;

      2) сапалық сипаттамалары, оның ішінде түрі, сорты, буып-түюді, тарату және өткізу жүйесіндегі ерекшеліктері;

      3) техникалық сипаттамалары, оның ішінде пайдалану көрсеткіштері, тасымалдау бойынша шектеулері, жинақтау, жөндеу, техникалық қызмет көрсету (кепілдендірілген қызмет көрсетуді қоса алғанда), кәсіби пайдалану (өндірістік тұтыну) ерекшеліктері;

      4) бағасы;

      5) өткізу шарттары, оның ішінде тауарлар партиясының мөлшері, тауарды өткізу тәсілі;

      6) тауардың сипаттамалары.

      Сатып алушының таңдауын айқындайтын тауар қасиеттерінің құрамы және тауар сипаттамасын талдап тексерудің қажетті дәрежесі жүргізілетін зерттеудің мақсатына, сондай-ақ тауар нарығының ерекшеліктеріне тәуелді болады.

      10. Осы тауар үшін әлеуетті бірін-бірі өзара алмастыратын болып табылатын тауарларды айқындау:

      1)   сараптамалық бағалар;

      2) қаралатын тауармен бірге экономикалық қызмет түрлерінің қазақстандық жіктеуішінің бір сыныптауыш түрінің тобына кіретін, тауарлардың елеулі қасиеттері бойынша салыстырылатын талдау арқылы жүзеге асырылады.

      Осы тауарға тиісті дәл жіктеуіш ұстанымын белгілеу мүмкін болмаған кезде сыныптауыш ұстанымдар топтамасы қарастырылады.

      Осы тармақтың мақсаттары үшін тиісті салада арнайы білімі және (немесе) жұмыс тәжірибесі бар адам сарапшы болып танылады. Сараптамалық қорытынды қорытындылардың әдіснамасы мен негіздемесін көрсете отырып, жазбаша нысанда ресімделеді және тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша қорытындыға қоса тіркеледі.

      11. Бірін-бірі өзара алмастыратын тауарларды айқындау олардың функционалдық міндетін, қолдануды, сапалық және техникалық сипаттамаларын, бағасын және өлшемшарттарын ескере отырып, сатып алушының тауарларды нақты ауыстыруына немесе сатып алушының тұтыну (оның ішінде өндірістік) процесінде бір тауарларды басқаларымен ауыстыруына дайындығына негізделеді.

      12. Өзара алмастырылатын тауарларды айқындау кезінде монополияға қарсы орган тұтынушыларға сауал қою қорытындылары бойынша ақпаратты пайдаланады.

      13. Бірін-бірі өзара алмастыратын тауарларды айқындаған кезде сатып алушылардың түрлі топтарының пікірі сәйкес келмеуі ескеріледі.

      Сатып алушылар топтары:

      1) ауар айналымына қатысу тәсілі мен нысандары бойынша, оның ішінде көтерме саудада сатып алушылар және бөлшек саудада сатып алушылар;

      2) тауарды сатып алу орны бойынша;

      3) тауарға қойылатын талаптар бойынша ерекшеленеді.

      Егер бір сатушы жоғарыда көрсетілген белгілер негізінде сатып алушылар топтары үшін бір тауардың бағасын белгілесе (белгілей алса), сатып алушылар топтары тауар нарықтарында әрекет етеді деп танылады.

      Жоспардан тыс талдау жүргізу кезінде тұтынушылар тобының шоғырландырылған жауабы ретінде тұтынушылар бірлестіктерінен және басқа қауымдастықтардан (одақтардан) алынған мәліметтерді пайдалануға жол беріледі.

      Бұл ретте тұтынушылар бірлестіктерінен және басқа қауымдастықтардан (одақтардан) алынған мәліметтерге осы ұстанымды қолдаған қатысушылардың үлесін көрсете отырып, оның мүшелеріне дауыс беру немесе сұрау салу хаттамасы қоса беріледі. Егер мүшелердің пікірі екіге бөлінсе, әр мүшенің позициясын бөлек ұсыну қажет.

      Қарастырылып отырған тауар бір аумақта тауар нарықтарында айналыста болуы мүмкін. Мұндай тауар нарықтары осы Әдістеменің 5-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген кезеңдерді әрбір тауар нарығы бойынша жүргізе отырып, бөлек талданады, бұл ретте талдау нәтижелері бір қорытындыда көрсетілуі мүмкін. Атап айтқанда, тауар негізінен кейіннен қайта сату немесе кәсіби пайдалану мақсаттары үшін тауар партиялары сатылатын көтерме нарықтарда және негізінен жеке пайдалану үшін тауардың жекелеген даналары сатылатын бөлшек сауда нарықтарында айналыста болуы мүмкін.

      14. Тауар нарықтарын бақылау және нәтижелерінің негізінде бірін-бірі өзара алмастыратын тауарлар айқындалатын экономикалық-статистикалық есептеулер мыналарды:

      1) "гипотетикалық монополистің тесті" рәсімін;

      2) баға белгілеу мен бағалар серпінін талдауды, бағалар өзгерген кезде сұраныс көлемінің өзгеруін қамтиды.

      Егер екі немесе одан да көп тауар өзара алмастырылатын болса, онда бір тауар бағасының өсуі басқа тауарларға сұраныстың артуына алып келеді.

      Баға бойынша сұраныстың оң және статистикалық мәнді кросс-икемділігінің болуы (коэффициенті 0-ден жоғары) олардың бір тауар нарығына жататындығын көрсетуі мүмкін, ал кросс-икемділіктің болмауы (коэффициенті 0-ден төмен) өзара алмастырылудың жоқтығын көрсетуі мүмкін.

      Сұраныстың айқаспалы икемділігі – басқа тауар бағасының өзгеруіне жауап ретінде сатып алынған тауар санының пайыздық өзгеруінің көрсеткіші.

      Сұраныстың айқаспалы икемділігінің коэффициенті E_XY^D мынадай түрде есептеледі:

     


      Где:

      D — сұраныс;

      Q — сатып алынған Y тауарының саны;

      P— X тауарының бағасы.

      Сұраныстың айқаспалы икемділігі формуласы Y тауары бағасының өзгеруіне жауап ретінде X тауарына сұраныстың өзгеру дәрежесін көрсетеді.

      Егер

<= 0 болған кезде, X және Y тауарлары өзара алмастырылмайды;

      Егер

> 0, болған кезде, X және Y тауарлары өзара алмастырылады.

      15. "Гипотетикалық монополистің тестін" (тауар нарығының тауар шекараларын анықтау үшін) өткізген кезде қаралатын тауарға шамалы, бірақ елеулі және ұзақ уақыт (1 жыл және одан көп) бағаның өсуі орын алады деп болжанады. Зерттеудің уақыт аралығы ішінде одан әрі сақталатын, бәсекелестіктің өзге де тең шарттарында (бұл ретте инфляцияның әсері алынып тасталуы тиіс) бағаның 5-10 пайызға артуы осындай деп танылады.

      Көрсетілген бағаның артуының нәтижесінде сатып алушы (сатып алушылар) қаралатын тауарды басқа тауарлармен алмастыра ма (алмастыруға дайын ба), сондай-ақ мұндай бағаны арттыруды сатушы (сатушылар) үшін пайдасыз ететін, сату көлемінің төмендеуі болып жатыр ма (болады ма) айқындалады.

      Егер көрсетілген шарттар орындалса, онда қаралатын тауарға қасиеттері бойынша неғұрлым жақын болып табылатын тауарларды бірін-бірі өзара алмастыратын тауарлар тобының құрамына енгізу қажет.

      Көрсетілген рәсім оларға баға сатушылар үшін пайда (сатушылар үшін жиынтық пайда) шегерілмей 5-10 пайызға артуы (1 жыл және одан көп) мүмкін тауарлар тобы анықталғанға дейін жүзеге асырылады. Мұндай топқа кіретін тауарлар бірін-бірі өзара алмастыратын тауарлар деп танылады.

      "Гипотетикалық монополистің тестін" өткізген кезде бірін-бірі өзара алмастыратын тауарлар тобы ретінде сатушы (сатушылар) көрсетілген бағаны арттыруды жүзеге асыра алатын тауарлардың ең аз жиынтығын қарау қажет.

      16. Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне перспективалық талдау жүргізу кезінде зерделеу жүргізу кезінде қалыптасқан нарықтық бағалар қолданылуы мүмкін.

3-тарау. Тауар нарығының шекараларын айқындау

      17. Тауар нарығының шекаралары, егер оны осы аумақтан тысқары жерлерде сатып алу экономикалық, технологиялық және басқа да себептер бойынша орынсыз болса, тұтынушылар тауарды немесе бiрiн-бiрi өзара алмастыратын тауарды сатып алатын аумақты айқындайды.

      Тауар нарығының шекараларын айқындау көрсетілген өлшемшарттардың бірі немесе олардың жиынтығы бойынша жүзеге асырылады.

      Нарықтың шекаралары мынадай өлшемшарттар:

      1) осы аумақта тауарды сатып алу мүмкiндiгi;

      2) тауардың құнына қатысты алғанда көлiктiк шығындардың негiздiлiгi мен өзiн ақтайтындығы;

      3) тауарды тасымалдау кезiнде оның сапасын, сенiмдiлiгi мен басқа да тұтынушылық қасиеттерiн сақтауы;

      4) тауарларды сатып алу-сатуға, әкелу мен әкетуге шектеулердiң (тыйым салулардың) болмауы;

      5) оның шегiнде тауарларды өткiзу, жеткізу жүзеге асырылатын аумақта бәсекелестікке тең жағдайлардың болуы бойынша тауарларды сатып алудың қолжетімділігі ескеріле отырып айқындалады.

      Сатып алушы (сатып алушылар) тауарды сатып алатын немесе сатып алуға экономикалық мүмкіндігі бар немесе одан тысқары жерлерде мұндай мүмкіндігі жоқ аумақтың шекараларын айқындау рәсімі (бұдан әрі – нарық шекараларын анықтау) мыналарды:

      сатып алушының (сатып алушылардың) экономикалық мүмкіндіктерін шектейтін, тауар айналымының шарттарын айқындауды;

      қаралатын тауар нарығының шекараларына кіретін аумақты айқындауды қамтиды.

      18. Нарықтың шекараларын айқындау:

      1) нарық субъектісі жұмыс істейтін өңір туралы;

      2) қаралатын тауар нарығындағы баға белгілеу туралы немесе осы тауарға Қазақстан Республикасының аумағындағы баға деңгейіндегі айырмашылықтар туралы;

      3) тауарды сатып алушылардың қажеттіліктері үшін нақты тұтыну орны туралы ақпараттың негізінде жүргізіледі.

      19. Нарықтың шекаралары тауар өткізілуі мүмкін бір немесе бірнеше елді мекеннің, бір немесе бірнеше әкімшілік аудандардың, қалалардың, Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше облысының аумағын не Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтуы мүмкін.

      20. Сатып алушының (сатып алушылардың) тауарды сатып алуының экономикалық мүмкіндіктерін шектейтін тауар айналымының шарттарын айқындау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) тауарды тасымалдау шарттарына қойылатын талаптар (тауардың тұтынушылық қасиеттерін сақталуын және өзге де талаптарды қамтамасыз ететін);

      2) сатып алушылардың тауарды сатып алуының ұйымдық-көліктік схемалары;

      3) тауардың сатып алушыға немесе сатып алушының тауарға жылжу мүмкіндігі;

      4) қаралатын тауардың (қаралатын тауарды сатып алушының) жылжуы үшін көлік құралдарының болуы, қолжетімділігі және бірін-бірі өзара алмастырушылығы;

      5) тұтынушылық қалауды қоса алғанда қаралатын тауарға сұраныстың өңірлік ерекшеліктері.

      21. Тауар нарығының шекараларын айқындау сатып алушы тауарды немесе бiрiн-бiрi өзара алмастыратын тауарды сатып алуының экономикалық мүмкіндігіне немесе оны осы аумақтан тысқары жерлерде экономикалық, технологиялық, әкiмшiлiк және басқа да себептер бойынша сатып алу мүмкіндігінің болмауына негізделеді.

      Егер қандай да бір аумақтан (қандай да бір аумақта орналасқан сатушылардан) жеткізілетін тауардың бағасы қаралатын тауар нарығының алдын ала айқындалған шекаралары шегінде сатып алушыға (сатып алушыларға) қолжетімді тауардың орташа белгіленген бағасынан 10 пайыздан астам артық болса, онда мұндай аумақтар (сатушылар) басқа тауар нарықтарына жатқызылуы тиіс.

      Жоспардан тыс талдау жүргізу кезінде тауар нарығының шекаралары талданатын кезеңдегі тауардың нақты өткізілуі туралы салық және кедендік әкімшілендіру саласындағы уәкілетті орган ұсынған ақпарат негізінде айқындалуы мүмкін.

      22. Тауар нарықтарын бақылау және нәтижелерінің негізінде оның шекаралары айқындалатын экономикалық-статистикалық есептеулер мыналарды:

      1) "гипотетикалық монополистің тесті" рәсімін;

      2) қаралатын тауар нарығында (алдын ала айқындалған шекараларда) нақты жұмыс істейтін нарық субъектілерінің (сатушылардың) сату аудандарын (сатып алушылардың орналасқан жерін) талдауды;

      3) сатып алушының (сатып алушылардың) тауарды сатып алу ауданының өзгеруі туралы немесе олардан тауар сатып алатын сатушылар құрамының өзгеруі туралы деректерінің талдауын;

      4) осы Әдістеменің 26-тармағында белгіленген талдау жүргізуге арналған өлшемшарттары есебімен баға белгілеу мен бағалар серпінін талдауды, қаралатын тауарға бағаның өзгеруі кезінде сұраныс көлемінің өзгеруін қамтуы мүмкін.

      23. Шекараларды айқындау кезінде:

      1) көрсетілген бағаның артуы нәтижесінде сатып алушы (сатып алушылар) қаралатын тауарды басқа да аумақтарда (басқа аумақтарда орналасқан сатушылардан) сатып ала ма (сатып алуға дайын ба);

      2) мұндай бағаның артуын сатушы (сатушылар) үшін пайдасыз ететін, сату көлемінің төмендеуі болды ма (бола ма) анықтау қажет.

      Егер көрсетілген талаптар орындалса, аумаққа жақын орналасқандар қаралатын тауар нарығының шекараларының құрамына енгізіледі.

      Көрсетілген рәсім оларға баға сатушы үшін пайда (сатушылар үшін жиынтық пайда) шегерілмей 5-10 пайызға артуы мүмкін аумақ анықталғанға дейін жүзеге асырылады. Анықталған аумақтың шекаралары қаралатын тауар нарығының шекаралары деп танылады.

      "Гипотетикалық монополистің тестін" тауар нарығының шекаралары есебінде жүргізген кезде сатушы (сатушылар) көрсетілген бағаны арттыруды жүзеге асыра алатын ең кіші аумақтың шекараларын қарастыру керек.

      Тауар нарығының шекараларын мемлекеттік реттеу не белгілі бір аумақтан тыс жерде тауарды өткізуді болдырмайтын инфрақұрылымдық сипаттағы технологиялық шектеулер болған жағдайда "гипотетикалық монополист тестін" өткізу талап етілмейді.

      24. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметімен байланысты қызметтер саласында тауар нарықтарының шекаралары нарық субъектілерінің инфрақұрылымға қол жеткізу және оны пайдалану мүмкіндіктері ескеріле отырып айқындалады.

4-тарау. Тауар нарығын зерттеудің уақыт аралығын айқындау

      25. Тауар нарығын зерттеудің уақыт аралығы зерттеу мақсатына, тауар нарығының ерекшеліктеріне және ақпаратқа қол жеткізуге байланысты айқындалады.

      26. Егер сатып алушылар уақыттың бір кезеңінде сатып алынатын тұтынудағы тауарды уақыттың басқа кезеңінде сатып алынатын сол тауармен алмастырмаса немесе алмастыруға дайын болмаса, онда уақыт аралығын таңдауда тауар нарығы сипаттамасының осы таңдауын негіздейтін, оның ішінде:

      1) жыл ішінде тауарды жеткізудің маусымдылығы;

      2) жыл ішінде тауар жеткізудің тұрақтылығы;

      3) ең жоғары және ең төмен сұраныс (оның ішінде қысқа мерзімді) кезеңі, осы кезеңдерде сатушылар санының арақатынасы;

      4) сатушылардың түрлі уақыт кезеңдерінде әртүрлі баға белгілеу мүмкіндігі;

      5) келісімшарт мерзімдері;

      6) тауардың нарықта пайда болу уақыты ескеріледі.

      27. Тауар нарығының барлық сипаттамасы белгіленген бір уақыт аралығы шегінде айқындалады.

5-тарау. Тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамын айқындау

      28. Тауар нарығында әрекет ететін нарық субъектілерінің құрамына белгілі бір уақыт аралығы шегінде қаралып отырған тауарды оның шекаралары ішінде өткізетін барлық нарық субъектілері енгізіледі.

      29. Тауар нарығында жұмыс істейтін және тұлғалар тобын құрайтын нарық субъектілері бір нарық субъектісі ретінде қарастырылады.

      30. Зерттеудің уақыт аралығын анықтау кезінде алынған ақпараттың негізінде, нарықтың тауар шекараларын және тауар нарығының шекараларын айқындау кезінде қаралатын тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілері айқындалады, олар үшін оларды сәйкестендіруге жәрдемдесетін мынадай деректер белгіленеді:

      1) толық атауын (ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып);

      2) мекенжайын (орналасқан орнын);

      3) тұлғалар тобына тиесілілігін;

      4) осы тауарды сатып алушылар немесе оны сату өңірлері.

      Жоспардан тыс талдау жүргізу кезінде тауар нарығының субъектілік құрамын айқындауға салық және кедендік әкімшілендіру саласындағы уәкілетті органнан талданатын кезеңде тауарды іс жүзінде өткізу туралы алынған ақпарат негізінде жол беріледі.

      31. Қажет болған жағдайда мынадай деректер де белгіленеді:

      1) осы тауардың меншікті өндірісінің болуы, бір мезгілде делдалдық ұйымдар айқындалады;

      2) осы тауарды немесе оны өндіруге қажетті тауарларды сатушылар.

      32. Олардың үлесі тауар нарығының жалпы көлемінің 15 пайызынан аспайтын жағдайда сәйкестендіру деректерінің болмауына (оларды белгілеу мүмкін болмаған кезде) жол беріледі.

      33. Тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамын айқындаған кезде қаралатын тауар нарығында жұмыс істейтін сатушылардан тауар сатып алатын сатып алушылар тобының құрамы (саны) нақтылануы мүмкін.

      Егер тауар нарығында негізгі сатып алушылардың аз тобы (15-тен аз) жұмыс істесе, онда сатып алушылардың негізгі сатушылармен бір тұлғалар тобына кіретінін тексеру қажет.

      34. Жоспарлы талдау жүргізу кезінде тауар нарығында мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке және олармен үлестес тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалар анықталған жағдайда, осы Әдістеменің 10-тарауында көзделген тәртіппен тауар нарығында мемлекеттің қатысуының орындылығына бағалау жүргізіледі.

6-тарау. Тауар нарығының көлемі мен тауар нарығындағы нарық субъектілері үлестерін есептеу

      35. Қаралатын нарық шекара шегіндегі уақыттың белгілі бір кезеңіндегі тауар нарығы көлемінің есебі (бұдан әрі – тауар нарығының жалпы көлемі) тауарды немесе бірін-бірі өзара алмастыратын тауарларды әкелу мен әкету көлемдерін ескере отырып, нарық субъектілерінің тауарды немесе бірін-бірі өзара алмастыратын тауарларды заттай немесе құндық көрсеткіштерде өткізу сомасы ретінде айқындалады.

      Нарық субъектісі өз өнімінің бір бөлігін өз мұқтажына пайдаланған жағдайда, өткізу көлеміне тауар нарығында өткізілетін көлем ғана қосылады.

      Нарық субъектісінің тиісті тауар нарығындағы үлесі нарық субъектісінің нарықтың шекаралары шегінде тауарды немесе бірін-бірі өзара алмастыратын тауарларды өткізу көлемінің тиісті тауар нарығының жалпы көлеміне қатынасы ретінде айқындалады.

      Нарық субъектілерінің үлесін анықтау олардың өнім беру көлемінің үлесі өнім берудің жалпы көлемінде кемінде сексен бес пайыз субъектілердің ақпараты болған кезде мүмкін болады.

      Нарық субъектісінің үлесін есептеу кезінде пайдаланылатын көрсеткіштер нарық көлемін есептеу кезіндегі өлшем бірліктерінде келтіріледі.

      Тиісті тауар нарығындағы үлесі он бес пайыздан аспайтын нарық субъектісінің жағдайы үстем деп танылмайды.

      Тиісті тауар нарығындағы тұлғалар тобының үлесі бір тауар нарығында жұмыс істейтін тұлғалар тобына қатысушылардың үлестерінің сомасы ретінде айқындалады және біртұтас нарық субъектісінің үлесі ретінде қарастырылады.

      36. Тиісті тауар нарығындағы үлесі отыз бес және одан астам пайызды құрайтын нарық субъектісінің жағдайы, егер осындай нарық субъектісіне қатысты жиынтығында мынадай жағдайлар белгіленсе үстем деп танылады:

      1) нарық субъектісінің тауар бағасының деңгейін бір жақты тәртіпте айқындау және тауар нарығында тауарды өткізудің жалпы жағдайларына шешуші әсер ету мүмкіндігі. Көрсетілген жағдай тұтынушылардың және (немесе) сатып алушылардың (нарық субъектілерінің (сатушылардың)) сауалнамасы негізінде немесе Лернер коэффиценті есебі негізінде айқындалады;

      2) тауар нарығына қол жеткізу үшін экономикалық, технологиялық, әкімшілік немесе өзге де шектеулердің болуы. Көрсетілген жағдай осы Әдістеменің 51, 54-тармақтарына сәйкес белгіленеді;

      3) нарық субъектісінің тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы жағдайларына шешуші әсер ету мүмкіндігі болуының ұзақтығы. Осы жағдайды анықтау нарық субъектісі үлестерінің мөлшерлерін бір жылдан кем емес немесе егер тауар нарығының (нарық субъектісінің) жұмыс істеу мерзімі тиісті тауар нарығының (нарық субъектсінің) жұмыс істеу мерзімі ішінде кемінде бір жылды құраса, салыстыру арқылы жүргізіледі.

      Егер нарық субъектісі елу және одан көп пайыз үлеске ие болған кезде, осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында санамалаған жағдайларды ескерместен нарық субъектісінің жағдайы үстем деп танылады.

      37. Егер тиісті тауар нарығындағы өздеріне неғұрлым көп үлес тиесілі үштен аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі елу және одан көп пайызды құраса немесе тиісті тауар нарығындағы өздеріне неғұрлым көп үлес тиесілі төрттен аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі жетпіс және одан көп пайызды құраса, егер осындай нарық субъектісіне қатысты жиынтығында мынадай жағдайлар белгіленсе бірнеше нарық субъектілерінің әрқайсысының жағдайы үстем деп танылады:

      1) ұзақ кезең ішінде (кемінде бір жыл ішінде немесе егер мұндай мерзім бір жылдан аз болса, тиісті тауар нарығының әрекет ету мерзімі ішінде) нарық субъектілері үлестерінің салыстырмалы мөлшері өзгермеген немесе аз өзгерістерге ұшыраған. Осы жағдайды анықтау нарық субъектілері үлестерінің серпінін талдау арқылы жүзеге асырылады.

      2) нарық субъектілері өткізетін немесе сатып алатын тауар тұтыну кезінде (оның ішінде өндірістік мақсаттарда тұтыну кезінде) басқа тауармен алмастырылмайды. Осы жағдай осы Әдістеменің 2-тарауына сәйкес белгіленеді.

      3) тиісті тауар нарығында осы тауардың бағасы және (немесе) оны өткізу шарттары туралы ақпарат адамдардың белгіленбеген тобына қолжетімді. Осы көрсеткішті айқындау жалпыға бірдей ақпаратты талдауға, сондай-ақ сатушылардың (нарық субъектілері) және (немесе) сатып алушылардың (тұтынушылардың) талдауына негізделген.

      38. Нарық көлемін айқындау үшін сату көлемдерінің жиынтығы мынадай әдістермен анықталады:

      1) қаралып отырған тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің деректері бойынша нақ сол тауарды (алып сату) қайта есепке алуға жол бермей, сату көлемдерінің сомасын есептеу;

      2) аталған сатып алушылар бойынша тауарды сатып алу көлемдерінің сомасын есептеу;

      3) аталған аумақтан қаралып отырған тауарды әкету (экспорты) көлемдерін шегергенде және тауар өндірушілер мен тауарларды әкелу мен әкету көлемдерін бақылаушы органдардың деректері бойынша аталған аумаққа қаралып отырған тауарды әкелу (импорты) көлемдерін қоса отырып (тауарды өндіру және оның қорлары көлемінің үрдісінде қаралып отырған тауарды тұтынуды шегергенде) қаралып отырған тауар нарығының шекараларында тауарды өндіру көлемдерінің сомасын есептеу. Аталған әдісті Қазақстан Республикасының шекараларында тауар нарықтарына талдау жүргізген жағдайда қолдану орынды;

      4) мемлекеттік статистика органдарының, салық және кедендік әкімшілендіру саласындағы уәкілетті органның және (немесе) өзге де мемлекеттік органдардың, оның ішінде жергілікті атқарушы және өкілді органдардың ұсынған мәліметтері негізінде;

      5) өзге тәсілмен (өзге көрсеткіштер салалық ерекшеліктерге байланысты бәсекелестік көзқараста қаралып отырған тауар нарығындағы нарық субъектілерінің жағдайын аса нақты сипаттауға мүмкіндік берген жағдайларда пайдаланылады).

      39. Монопсониялық жағдай деп тиісті тауар нарығында сатып алушы ретінде үстем немесе монополиялық жағдайды иеленетін, нарықтағы үлесі жетпіс және одан да көп пайызды құрайтын нарық субъектісінің жағдайы танылады.

      Нарық субъектісінің сатып алушы ретінде үлесі нарық шекаралары шегінде тауарды немесе бір-бірін алмастыратын тауарларды сатып алу көлемінің тиісті тауар нарығының жалпы көлеміне қатынасы ретінде айқындалады.

      40. Экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау кезінде, тауар нарығының нақты көлемдерінен тыс монополияға қарсы орган тауар өндірудің жоспарланған көлемдерін, тауарларды әкелуге және әкетуге тыйымдарды есепке алып, болжау деректерін айқындауы мүмкін.

      41. Экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде, сондай-ақ Кодекстің 218-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда тауар нарығының жалпы көлемі мен нарық субъектілерінің үлестері мемлекеттік статистика органдары, салық және кедендік әкімшілендіру саласындағы уәкілетті орган және (немесе) тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтер негізінде айқындалады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтер негізінде тауар нарығының жалпы көлемін айқындау мүмкін болмаған жағдайда, тауар нарығының көлемін есептеу осы Әдістеменің 35-тармағына сәйкес жүргізіледі.

7-тарау. Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау

      42. Нарықтың шоғырлану деңгейін айқындау үшін:

      1) нарықтың шоғырлану коэффициенті (CR) қолданылады. Тауарды өткізу (жеткізу) көлемінің ірі өнім берушілердің белгілі бір санымен осы тауар нарығындағы барлық өнім берушілердің тауарды өткізудің (жеткізудің) жалпы көлеміне пайыздық қатынасы ретінде есептеледі.

      Ірі өнім берушілердің үш (CR – 3), төрт (CR – 4) шоғырлану деңгейін пайдалану ұсынылады.

      2) Герфиндаль – Гиршман (HHI) нарық шоғырлануының индексі нарықта жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар үлестерінің квадраттар жиынтығы ретінде есептеледі және үлестер немесе пайыздармен өлшенуі мүмкін:

     


      мұндағы:

      Si – сату үлесі, өткізудің жалпы көлемінде i – кәсіпорын;

      n – нарықтағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны.

      Шоғырлану коэффициенттерінің және Герфиндаль-Гришман индекстерінің мәндеріне сәйкес шоғырлану дәрежесі бойынша нарықтың үш түрі бөлінеді:

      Жоғары шоғырланған нарық: 70% <CR 3 < 100% жағдайда 2000 < ННI < 10 000, 80% <CR 4 < 100% жағдайда 1800 < ННI < 10 000;

      Орташа шоғырланған нарық: 40% <CR 3 < 70% жағдайда 1000 < ННI < 2000, 50% <CR 4 < 80% жағдайда 1000 < ННI < 1800;

      Төмен шоғырланған нарық: CR 3 < 40% жағдайда ННI < 1000, CR 4 < 50% жағдайда ННI < 1000.

      Нарықтық шоғырлану көрсеткіштері нарықтың монополиялану дәрежесін, онда нарық субъектілерінің қатысу біркелкілігін (немесе біркелкі еместігін) алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. Тиісті тауар нарығында өнімді әр түрлі ауқымда жеткізетін өнім берушілер неғұрлым көп болған сайын, аталған көрсеткіштердің мәні соғұрлым төмен болады.

      Нарықтың шоғырлануын нарықта айқындаған кезде Кодекстің 165-бабына сәйкес тиісті тауар нарығында адамдар тобын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл ретте адамдар тобы бірыңғай нарық субъектісі ретінде қаралады.

      43. Осы Әдістеменің 42-тармағында көрсетілген көрсеткіштерге қосымша, сондай-ақ субъектінің тауар нарығындағы тауарды өткізудің жалпы шарттарына шешуші ықпал ету мүмкіндігін бағалау үшін Лернер коэффициенті пайдаланылуы мүмкін.

      Лернер коэффициенті L=[P-MC]/P бағасына жатқызылған, тауар бағасы мен оны өндірудің шекті шығыны арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      мұндағы: Р – тауардың босату бағасы; МС – тауар өндірудің шекті шығыны. Аталған көрсеткіш монополия жағдайында ресурстарды тиімсіз орналастыруға байланысты шекті шығындардан бағаның ауытқығанын көрсетеді. Кәсіпорынның өткізу бағасы бәсекелестік бағадан неғұрлым көп ауытқыса, соғұрлым Лернер коэффициенті жоғары.

      Бұл коэффициент:

      1) тауар нарығындағы тауарды өткізудің жалпы шарттарына шешуші ықпал ету мүмкіндігі жоқ субъектілер үшін нөлге тең (нарықтық билік толық жоқ);

      2) тауар нарығындағы тауарды өткізудің жалпы шарттарына шешуші ықпал ету мүмкіндігі бар субъектілер үшін 0,5 < х < 1 аралығындағы мәндерге тең.

      Шекті шығындар тауар өндірісіне жұмсалатын жалпы шығындардың өзгерісінің тауарды өткізу көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде айқындалады:

     


      Шекті шығындар, Лернер коэффициенті сияқты, белгілі бір уақыт кезеңі үшін субъектілерге қатысты бағаланады.

      44. Тауар нарығына басқа өңірлерден сатушылардың кіру мүмкіндігін айқындау үшін өңіраралық және халықаралық сауда-саттық үшін нарықтың ашықтық коэффициенті қолданылады.

      Тауар нарығына басқа өңірлерден (немесе басқа елдерден) сатушылардың кіру мүмкіндігі нарықтың шоғырлануын едәуір төмендетеді, нарықта жергілікті (отандық) сатушылардың алатын үлесін қысқартады.

      Керісінше, өңіраралық (халықаралық) алмасуға нарықтың баяу кіруі нарықта шоғырлануды күшейтеді және жергілікті (отандық) сатушылардың үлесін ұлғайтады.

      Өңіраралық және халықаралық сауда-саттыққа қатысу үшін нарық ашықтығының дәрежесін, импорттың кіру дәрежесін (ИКД) нақты тауар нарығында өткізудің (жеткізудің) жалпы көлемінде импорттық (әкелінген) өнімнің үлесі бойынша бағалауға болады:

     


      мұндағы:

      И – импорттық өнім көлемі;

      П –  ішкі өндіріс көлемі;

      Э – белгілі бір уақыт ішінде аталған тауардың экспорт көлемі;

      Р – нақты тауар нарығында өткізудің жалпы көлемі.

      Бұл көрсеткіш отандық өндірушілер үшін қорғаныс шараларына байланысты мәселелерді шешкен кезде қажет.

      45. Жоспарлы талдау жүргізу кезінде сатушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелері де талданады, оның ішінде:

      1) қаралып отырған тауар нарығында үлесі отыз бес пайыздан асатын нарық субъектілері үшін пайда мөлшері мен капиталды тарту шығындарының арақатынасы;

      2) қаралатын тауар нарығындағы баға серпіні;

      3) қаралатын тауар нарығы көлемінің және сұраныстың динамикасы, оның ішінде тауар массасымен қамтамасыз етілмеген сұраныстың болуы және сұранысты кеңейту мүмкіндігі;

      4) нарықтың динамикалық көрсеткіштері;

      5) қаралып отырған тауар нарығында әрекет ететін нарық субъектілерінің техникалық даму деңгейі.

      Тауар нарықтарының динамикалық көрсеткіштеріне мыналар жатады:

      1) қаралатын тауар нарығында жаңа сатушылардың пайда болу жиілігі, ол бір жылдағы кіріс (жаңа) субъектілер санының бір жылдағы белсенді субъектілердің жалпы санына қатынасы ретінде айқындалады;

      2) жыл ішіндегі кіріс (жаңа) субъектілерді өткізу көлемінің жыл соңындағы барлық субъектілердің салалық шығарылым көлеміне арақатынасы ретінде айқындалатын жаңа сатушылардың ену нормасы;

      3) Герфиндаль – Хиршман индексінің стандартты ауытқуының Герфиндаль – Хиршман индексінің орташа мәніне қатынасы ретінде анықталатын концентрация тұрақтылығы.

      46. Жоспарлы талдау жүргізу кезінде мынадай экономикалық көрсеткіштер де талдануы мүмкін:

      1) тауар нарығы көлеміндегі барлық мемлекеттік шығыстардың үлесі (ақпарат болған жағдайда), ол нарықтағы мемлекеттік шығыстардың тауар нарығы көлеміне қатынасы ретінде бағаланады;

      2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі – ШОК) нарықтағы үлесі, ол ШОК-тың жалпы қосылған құнының тауар нарығы көлеміне қатынасы ретінде бағаланады;

      3) нарықтың (немесе үстем жағдайға ие субъектілердің) инфляцияға қосқан үлесі;

      4) үстем жағдайға ие субъектілердің өнімділігі, ол өткізу көлемінің адам-сағаттардың жалпы санына қатынасы ретінде бағаланады.

      47. Жоспарлы талдау жүргізу кезінде қаралып отырған тауар нарығындағы нарық субъектілерінің әрекеттері де талданады, оның ішінде:

      1) сатушылардың инновациялық қызметін және маркетингтік стратегиясын әзірлеу;

      2) бәсекелесетін нарық субъектілерінің бір-біріне тәуелділік дәрежесін анықтау;

      3) сатушылардың жекелеген сатып алушыларға (сатып алушылар тобына) жеңілдіктер беру фактілерін белгілеу;

      4) тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің келісімдерін анықтау.

8-тарау. Тауар нарығының даму динамикасын бағалау

      48. Тауар нарығының даму динамикасын бағалау үшін жоспарлы талдау жүргізу кезінде соңғы бес жылдағы (бар болған жағдайда) мынадай деректер пайдаланылады:

      1) өндіріс көлемі;

      2) инвестициялар;

      3) инфляция;

      4) құрылған және таратылған нарық субъектілері;

      5) жалпы ішкі өнімдегі үлестер;

      6) мемлекеттік қатысу үлесі және барлық мемлекеттік шығыстар;

      7) заңнамадағы өзгерістер.

      49. Жоспарлы талдау жүргізу кезінде соңғы бес жыл бойынша деректер динамикасы құрылады және себеп-салдарлық байланыстар талданады.

      Бағалау кезінде тауар нарығының даму үрдісі сипатталады және тауар нарығына әсер еткен факторлар көрсетіледі.

9-тарау. Бәсекелестіктің дамуына ықпал ететін нарық субъектілері қызметіне кедергілердің, қиындықтардың не өзге де шектеулердің бар екенін куәландыратын мән-жайларды немесе белгілерді айқындау, оның ішінде тауар нарығына кіру тосқауылдарын айқындау

      50. Тауар нарығында қызметті бастауға нарық субъектілеріне кедергі келтіретін немесе қиындық тудыратын және шектейтін мән-жайлар немесе іс-әрекеттерді айқындау рәсімі мыналарды қамтиды:

      қаралып отырған тауар нарығына кіру тосқауылдарының барлығын (немесе жоқтығын) анықтау;

      қаралып отырған тауар нарығына кірудің анықталған тосқауылдарын еңсеруді айқындау.

      51. Нарыққа кіру кедергілеріне мыналар жатады:

      1) экономикалық шектеулер, оның ішінде:

      осы салымдардың өтелуінің ұзақ мерзімдері кезінде елеулі бастапқы күрделі салымдарды жүзеге асыру қажеттілігі;

      қарастырылып отырған тауар нарығында әрекет ететін нарық субъектілерімен салыстырғанда әлеуетті қатысушылар үшін қаржыландыруды тартудың неғұрлым жоғары шығындары;

      кәсіпкерлік қызметті тоқтату кезінде өтеуге болмайтын инвестицияларды қоса алғанда, тауар нарығынан шығу шығындары;

      қажетті ресурстарға және зияткерлік меншік құқықтарына қол жеткізу, ақпарат алу шығындары;

      көлік шектеулері;

      ұсынысы шектеулі және қаралып отырған тауар нарығында әрекет ететін нарық субъектілері арасында бөлінген ресурстарға әлеуетті қатысушылардың қолжетімділігінің болмауы;

      нарық субъектілері үшін өндірістің осындай көлеміне (өндіріс ауқымының тиімділігі)қол жеткізген сәтке дейін өнім бірлігіне неғұрлым жоғары шығындарды анықтайтын өндірістің экономикалық негізделген ең төменгі көлемінің болуы;

      қарастырылып отырған тауар нарығында әрекет ететін нарық субъектілерінің нарықтың әлеуетті қатысушыларынан, атап айтқанда, өнім бірлігіне жұмсалатын шығындар бойынша және тауарға сұраныс бойынша артықшылықтары;

      2) мемлекеттік органдар енгізетін әкімшілік шектеулер, оның ішінде:

      жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау шарттары;

      квоталау;

      тауарларды әкелу-әкету шектеулері;

      белгілі бір сұранысты міндетті түрде қанағаттандыру, жұмылдыру қуаттарын қолдау, жұмыс орындары мен әлеуметтік инфрақұрылымды сақтау талаптары;

      нарықтың жекелеген субъектілеріне жеңілдіктер беру;

      жер учаскелерін бөлуге, өндірістік және өзге де үй-жайларды беруге кедергілер;

      мемлекет мұқтажы үшін тауар берушілерді конкурстық іріктеу шарттары;

      экологиялық шектеулер, оның ішінде өндірістік қуаттар мен көлік инфрақұрылымы объектілерін салуға тыйым салу;

      стандарттар және сапаға қойылатын талаптар;

      3) тауар нарығында жұмыс істеп тұрған компаниялардың технологиялық артықшылығын білдіретін технологиялық шектеулер;

      4) өзге де шектеулер:

      нарыққа кіруге кедергілер жасауға бағытталған тауар нарығында әрекет ететін нарық субъектілерінің мінез-құлық стратегиясы, оның ішінде:

      монополиялық төмен бағаларды белгілеу;

      жосықсыз бәсекелестік;

      тауар нарығының әлеуетті қатысушыларын шектеу мақсатында тауар өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік беретін артық өндірістік қуаттарға инвестициялау;

      сатып алушы үшін сатушының ауысуына байланысты, оның ішінде тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер беру немесе басқа субъектілердің тауарларына қатысты әлеуетті өзара алмастырылатын тауарлар болып табылмайтын бірін-бірі толықтыратын тауарлар шығару нәтижесінде шығындарды ұлғайту;

      қарқынды жарнамалық науқандарды өткізу;

      тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің арасында нарыққа кіруге кедергілер жасауға әкелетін тігінен интеграцияланған нарық субъектілерінің болуы, оның ішінде:

      нарықтың басқа әлеуетті қатысушыларымен салыстырғанда тігінен интеграцияланған нарық субъектілерінің қатысушылары үшін артықшылықтар жасайды;

      әлеуетті нарық қатысушыларының тік интеграцияға қатысу қажеттілігін талап етеді, бұл нарыққа кіру шығындарын арттырады;

      жаңа субъектілердің нарыққа кіру мүмкіндігін шектейтін нормативтік құқықтық, техникалық, технологиялық, инфрақұрылымдық немесе өзге де объективті факторларға байланысты тауар нарығына кірудің басқа да шектеулері.

      52. Жоспарлы талдау жүргізу кезінде қаралып отырған тауар нарығына кіру кедергілерінің бар (немесе жоқ) екенін анықтау рәсімі мынадай әрекеттерді көздейді:

      1) тауар нарығындағы қатынастарды реттейтін және регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді (барлық деңгейлерді) талдау;

      2) рұқсат беру және өзге де рәсімдерді қолдану практикасын зерделеу;

      3) бәсекелестіктің немесе нарықтың дамуына кедергі келтіретін әкімшілік шектеулердің және бәсекелестікке сай келмейтін реттеу нормаларының бар-жоғын зерделеу;

      4) мемлекеттік қатысу деңгейін және оның жеке бизнеске әсерін айқындау;

      5) нарық субъектілерінің қызметіне қойылатын бағалық және өзге де шектеулерді зерделеу;

      6) мемлекеттік сатып алуларды, квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын, әртекті тауарларды/көрсетілетін қызметтерді/жұмыстарды біріктіретін сатып алуларды, лоттарды ірілендіруді, жеке жеткізушілерді шектеуді, бір көзден сатып алуды, сатып алуды тікелей бюджеттік қаржыландырумен алмастыруды қолдануды талдау;

      7) мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділікті талдау;

      8) бюджеттік қаржыландыруға қолжетімділікке қойылатын шектеулерді зерделеу;

      9) рұқсаттарды беру кезінде бәсекелестікке жатпайтын шарттардың болуын айқындау;

      10) экономикалық, әкімшілік, технологиялық және өзге де шектеулерді зерделеу.

      53. Қарастырылып отырған тауар нарығындағы бәсекелестікті шектейтін белгілерге мыналар жатады, соның ішінде:

      тіке ықпалдасқан нарық субъектілерінің елеулі үлесі;

      зерттеудің уақытша аралығының ішінде тіке ықпалдасқан болып табылатын нарық субъектілерінің үлесін төмендету;

      аталған тауарды өндіргенде пайдаланатын тауарлар айналатын немесе қаралып отырған тауар өзінің физикалық орналасу үрдісінде өндірушіден тұтынушыға түсетін аралас нарықтардың бірінде қаралып отырған, сабақтас тауар нарығында, жұмыс істейтін тіке ықпалдасқан субъектілердің үстем жағдайы;

      қаралып отырған тауар нарығында (кейінгі немесе төменгі) сатушы ретінде әрекет ететін нарық субъектісі сатып алушы ретінде әрекет ететін немесе әрекет етуге дайын болатын алдыңғы (жоғары тұрған) іргелес тауар нарықтарындағы шоғырланудың жоғары деңгейі.

      54. Тауар нарығына кіру тосқауылдары:

      әлеуетті сатушылардың, оның ішінде аралас нарықтарда жұмыс істейтіндердің мүмкіншіліктері, қаралып отырған нарықтың қатысушылары болу тұрғысынан;

      қаралып отырған нарықта жұмыс істейтін нарық субъектілерінің мүмкіншілігі, аталған тауардың өндірістік қуатын және оны сату көлемін кеңейту тұрғысынан талданады.

      55. Әлеуетті сатушылардың құрамы келесі әдістердің бірін немесе бірнешеуін қолдану арқылы анықталады:

      1) оның ішінде тауар нарығының географиялық шекараларына іргелес аумақтарда тауарларды өндіретін (өткізетін), не тауар нарығының географиялық шекаралары шегінде тауар өндіруді (өткізуді) бастау мүмкіндігі бар әлеуетті сатушыларға сауал қою әдісі. Әлеуетті сатушыларға сауалнама "гипотетикалық монополист" тестіне ұқсас тәсілмен жүргізіледі, оның барысында тауар нарығына кіру үшін тауар бағасының ұзақ мерзімді (1 жыл және одан да көп) өсуі кезінде әлеуетті сатушының дайындығы анықталады;

      2) сараптамалық бағалау (мамандарға сауалнама жүргізу) әдісі.

      Әлеуетті сатушылардың құрамын айқындау әдісін (әдістерін) таңдау бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша қорытындыда негізделеді.

      56. Тауар нарығына кіру тосқауылдарын еңсеру мұндай тосқауылдарды еңсеру мерзімдерінің және оның шығындарының мөлшері негізінде бағаланады.

      Егер қаралып отырған тауар нарығына кіру тосқауылдарын еңсеруге арналған шығындар аталған нарыққа кірмекші болған нарық субъектісі алатын (алуды болжайтын) табыстармен (артықшылықтармен) экономикалық ақталатын болса, нарыққа кіру тосқауылдары еңсерілген болып саналады.

      Тауар нарығына кіру кедергілерінің еңсерілуін бағалау кезінде зерттеудің уақыт аралығы ішінде тауар нарығында жаңа субъектілердің пайда болу жиілігі ескеріледі.

      Қаралып отырған тауар нарығына кіру кедергілерін еңсеруге, сондай-ақ қаралып отырған тауар нарығына кіру кедергілерін еңсеруге арналған мерзімдер мен шығындар, оның ішінде нақты және әлеуетті сатушылардан немесе салалық мамандардан (сарапшылардан) сұрау жолымен бағаланады. Сауалнама нәтижелері, оның ішінде сауалнамаға қатысқан адамдардың тізімі және алынған жауаптар талдау материалдарында көрсетіледі.

10-тарау. Мемлекеттің тауар нарығына қатысуының мақсаттылығын бағалау

      57. Тауар нарығында мемлекеттің қатысуының мақсаттылығын бағалау кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің шектеулі қатысу қағидатына сәйкестігі тұрғысынан жүргізіледі.

      Осы қағидатқа сәйкес, мемлекет қосалқы функцияға ие болып, тек жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуы мүмкін емес міндеттерді ғана орындайды.

      58. Мемлекеттік заңды тұлғалар жұмыс істейтін тауар нарығын кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің шектеулі қатысуы қағидатына сәйкестігін тексеру, мына жағдайлардың жиынтығына сүйене отырып жүзеге асырылады:

      1) мемлекеттік заңды тұлғалар жұмыс істейтін нарықтық құрылымдық ерекшеліктері;

      2) жаңа қатысушылардың кіруі үшін тауар нарығының ашықтығы дәрежесін айқындайтын сұраныс пен ұсыныс нарығының сипаттамалары.

      Нарықтың құрылымдық ерекшелігі мемлекеттік заңды тұлғаның нарықтық билікке ие болу мүмкіндігі болып табылады.

      Нарық құрылымы мына:

      1) тауар нарығын тұтынушылардың сұранысына сүйене отырып, тауар нарығының қажеттілігін жеке нарық субъектілерінің толық қанағаттандыру қабілеттілігіне бағалау;

      2) жүзеге асырылатын қызмет түрлерін қайталауға жол бермеу мақсатында жеке нарық субъектілері мен мемлекеттік заңды тұлғалар бөлінісіндегі тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің санын айқындау;

      3) мемлекеттік заңды тұлғалар үлесінің тиісті тауар нарығындағы бәсекелестікке әсерін бағалау жағдайларын ескере отырып айқындалады.

11-тарау. Тауар нарықтарында конгломераттарды айқындау

      59. Конгломерат бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша айқындалады, бұл ретте банктік холдингтерді, банктерді және олардың еншілес ұйымдарын, сондай-ақ электр энергиясының бірыңғай сатып алушысын және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығын қоспағанда, тиісті және іргелес тауар нарықтарында нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) үстем немесе монополиялық жағдайы анықталады.

      Бұл ретте, соңғы бес жылдағы тиісті тауар нарықтарының алдыңғы талдауларының нәтижелері ескеріледі.

      60. Тұлғалар тобы анықталғаннан кейін, құрылымдық бөлімшелерден ақпарат (тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау нәтижелері бойынша қорытындылар және т.б.) сұрату арқылы басқа тауар нарықтарында нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) үстем немесе монополиялық жағдайы анықталады, сондай-ақ нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) үстем немесе монополиялық жағдайы анықталған тауарлар өндірісінің (өткізілуінің) өзара байланыстылығы бар іргелес тауар нарықтарының байланыстылығы (тәуелділігі) айқындалады.

12-тарау. Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша тұжырымдар

      61. Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша тұжырымдар мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1) жалпы ережелер;

      2) зерттеудің уақыт аралығы;

      3) тауар нарығының шекарасы;

      4) қаралып отырған тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамы;

      5) нарықтың көлемі және нарық субъектілерінің үлесі;

      6) нарық шоғырлануының деңгейі;

      7) нарыққа кіру тосқауылдары;

      8) тауар нарығында бәсекелестіктің жай-күйін бағалау;

      9) қаралып отырған тауар нарығында бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұсынымдар.

      Әдістеменің 34-тармағында көзделген жағдайларда тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қорытындыға тауар нарығында мемлекеттің қатысуының мақсаттылығын бағалау жөніндегі қосымша бөлім де енгізіледі.

       Қаралып отырған тауар нарығында бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұсынымдар мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға жұмыста есепке алу және жұмыста пайдалану үшін жіберіледі.

      Егер тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау жүргізілген кезде жекелеген кезеңдер жүргізілмеген жағдайда, талдау қорытындылары бойынша тұжырымдарға тиісті бөлімдер кіргізілмейді.

      Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша тұжырымдарды талдау жүргізуге жауапты монополияға қарсы орган ведомствосының тиісті құрылымдық бөлімшесінің немесе аумақтық органының басшысы қол қоятын жоғарыда көрсетілген реттілікте лауазымды тұлға қорытындыда қалыптастырады.

      Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратты қоспағанда, талдау нәтижелері бойынша қорытынды монополияға қарсы органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Жаңа мән – жайлар – яғни қорытынды дайындау кезінде монополияға қарсы органға белгілі болмаған және білмеген және бәсекелестік жай-күйін талдау қорытындыларына әсер ететін мәліметтер (құжаттар) анықталған жағдайда-монополияға қарсы орган бәсекелестік жай-күйін жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қорытындыны пысықтайды. Мұндай жағдайлардың анықталу фактісі және олардың Құжаттамалық расталуы талдау материалдарында көрсетіледі.

  Тауар нарықтарындағы
бәсекелестіктің жай-күйіне
талдау жүргізу жөніндегі
әдістемесіне қосымша

Бәсекелестіктің жай-күйіне жоспарлы талдау жүргізу үшін тауар нарықтарын іріктеу критерийлері

      1. Бәсекелестіктің жай-күйіне жоспарлы талдау жүргізу үшін тауар нарықтарын іріктеу жалпы және ерекше критерийлер негізінде жүргізіледі.

      Жалпы өлшемшарттарға басымдылықтардың кемуі тәртібінде мыналар:

      1) тұтынушылар санының неғұрлым көп сұранысына ие, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) әлеуметтік маңыздылығы;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары;

      3) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың уәжделген шағымдары, өтініштері, бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерін көрсететін жарияланымдары;

      4) Еуразиялық экономикалық одағы тауар нарықтарының ұлттық тауар нарықтарына әсері;

      5) 35%-дан артық импортқа тәуелділік;

      6) тұтыну бағаларының индексі есептелетін тұтыну себетіне қатысы;

      7) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға байланысты мемлекет қажеттілігінің болуы;

      8) заңнама нормаларының өзгеруі;

      9) нарық инфрақұрылымының өзгеруі;

      10) Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің тапсырмалары мен ұсыныстары;

      11) өңір экономикасының ерекшелігі;

      12) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) шығаруды олигополиялау және монополияландыру;

      13) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларының бұзылуы;

      14) белгілі бір нарық субъектісін біріктіру немесе қосу жолымен қайта құру;

      15) нарыққа қатысушылар құрамының біреулерінің кетуіне және жаңаларының келуіне байланысты өзгеруі;

      16) нарықтағы субъект үлесінің өзгеруі;

      17) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарлары, жұмыстары және көрсетілетін қызметтері нарықтары конъюнктурасының өзгергіштігі;

      18) заңсыз монополистік қызметтің жолын жедел кесуді талап ететін өзге де жағдайлар жатады.

      Ерекше өлшемшарттарға:

      1) сұйытылған мұнай газы және сұйытылған табиғи газ нарықтарында:

      осы саладағы мемлекеттік саясат;

      ішкі және сырқы нарықтарда тауарды сату мен тұтынудың өзгеруі;

      техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкестік;

      2) көлік және байланыстың көрсетілетін қызметтері нарықтарында:

      осы саладағы мемлекеттік саясат;

      ел дамуының базалық экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруі;

      бағаның негізсіз өсуі жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады