Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 09.02.2023 № 4 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Казталов ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Казталов ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қ.Нұрғалиев тағайындалсын.
3.Казталов ауданы әкімі аппаратының бас инспектор-заңгері Ә.Тажибаева осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Есалиев |
