Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін уақытша атқарушының 2021 жылғы 13 шілдедегі № 926 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Абай ауылдық округіне қарасты "Рақымбай" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Абай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 маусымындағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23222 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
ШҚО Күршім ауданының Абай ауылды округінің әкімі |
Т. Бактияров |
