ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы " Заңының 14 бабының 4) тармақшасына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Салқынтөбе ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып,2020 жылғы 28 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссияның қорытындысы негізінде, Жарма ауданы Божығұр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Революционная" көшесі- "Қажымұқан Мұңайтпасұлы" көшесі болып қайта аталсын.
2. "Жарма ауданы Божығұр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімінің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.
| Божығұр ауылдық округінің әкімі | Г. Жанаков |
