Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Аршалы ауылдық округі әкімінің 27.05.2021 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2021 жылғы 11 наурыздағы № 178 ұсыныс хаты негізінде, Аршалы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ірі қара малдың арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты Жарма ауданы Аршалы ауылындағы "Ақбастау" шаруа қожалығына шектеу іс- шаралары белгіленсін.
2. "Аршалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аким Аршалинского сельского округа | М. Касымханов |
