ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2- тармағына сәйкес, Жаңаөзен ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2020 жылғы 28 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жарма ауданы Ақжал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі Жаңаөзен ауылындағы келесі көшелері:
"Абая" көшесін – "Абай" көшесі;
"Геологическая" көшесін – "Тұрсынхан Әбдірахманқызы" көшесі;
"Интернациональная" көшесін – "Әл - Фараби" көшесі;
"Ленина" көшесін – "Қаныш Сәтпаев" көшесі;
"Механизаторская" көшесін – "Ер Жәнібек" көшесі;
"Молодежная" көшесін – "Әлихан Бөкейхан" көшесі;
"Рабочий переулок" көшесін – "Күйші Дина" көшесі;
"Солнечная" көшесін – "Абылай хан" көшесі;
"Степная" көшесін – "Кенесары хан" көшесі;
"Чапаев" көшесін – "Міржақып Дулатұлы" көшесі;
"Шоссейная" көшесін – "Ахмет Байтұрсынұлы" көшесі;
"60 лет Казахстана" көшесін – "Жамбыл Жабаев" көшесі;
"70 лет Октября" көшесін – "Дінмұхамед Қонаев" көшелері болып қайта аталсын.
2. "Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімінің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.
| Ақжал ауылдық округінің әкімі | М. Жумаканов |
