Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы бұйрығымен бекітілген "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына" сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 13 "2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6049 нөмірімен тіркелген, 2021 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін";
көрсетілген қаулы қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді:
"Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталары".
2. "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданы әкімдігі интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Оралбаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Турашбеков |
