Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағы 20-4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы "Павлодар облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" № 353/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5699 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 38/2 қаулысына қосымша |
|
| Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 353/6 қаулысына 1-қосымша |
Павлодар облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама
командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына
кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың
йналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының
(ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың
жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы
ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері
Р/с № | Жарыстардың атауы | Спорттық жарыстардың нәтижесі | Ай сайынғы ақшалай жабдықталым мөлшері айлық есептік көрсеткіштерде (бұдан әрі-АЕК) |
1 | Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | 1 орын | 150 АЕК |
2 орын | 120 АЕК | ||
3 орын | 100 АЕК | ||
4-6 орын | 80 АЕК | ||
Олимпиада ойындарына қатысу | 70 АЕК | ||
Олимпиада ойындарына қатысуға лицензияны жеңіп алу | 60 АЕК | ||
2 | Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындар (жазғы, қысқы) | 1 орын | 150 АЕК |
2 орын | 120 АЕК | ||
3 орын | 100 АЕК | ||
4-6 орын | 80 АЕК | ||
Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарына қатысу | 70 АЕК | ||
Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарына қатысуға лицензияны жеңіп алу | 60 АЕК | ||
3 | Азия ойындары (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша жазғы, қысқы), Азия Паралимпиадалық ойындары | 1 орын | 120 АЕК |
2 орын | 110 АЕК | ||
3 орын | 100 АЕК | ||
4 | Әлем чемпионаты, Әлем Кубогының Финалы (спорттың олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық түрлері бойынша) | 1 орын | 100 АЕК |
2 орын | 80 АЕК | ||
3 орын | 70 АЕК | ||
5 | Әлем Кубогының кезеңі (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша) | 1 орын | 90 АЕК |
2 орын | 70 АЕК | ||
3 орын | 60 АЕК | ||
6 | Жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | 1 орын | 60 АЕК |
2 орын | 50 АЕК | ||
3 орын | 40 АЕК | ||
7 | Азия чемпионаты (спорттың олимпиадалық, ұлттық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық түрлері бойынша) | 1 орын | 70 АЕК |
2 орын | 60 АЕК | ||
3 орын | 50 АЕК | ||
8 | Азиялық-Тынықмұхит ойындары (спорттың сурдлимпиадалық түрлері бойынша), Бүкіләлемдік ойындары (IWAS, IBSA) | 1 орын | 70 АЕК |
2 орын | 60 АЕК | ||
3 орын | 50 АЕК | ||
9 | Жастар, юниорлар арасындағы Әлем чемпионаты (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша), Дүниежүзілік Универсиада (жазғы, қысқы) | 1 орын | 60 АЕК |
2 орын | 50 АЕК | ||
3 орын | 40 АЕК | ||
10 | Жасөспірімдер, кадеттер арасындағы Әлем чемпионаты (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша), жастар, юниорлар арасындағы Азия чемпионаты (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша) | 1 орын | 35 АЕК |
2 орын | 25 АЕК | ||
3 орын | 20 АЕК | ||
11 | Қазақстан Республикасының чемпионаты (спорттың олимпиадалық және ұлттық түрлері бойынша), Қазақстан Республикасының спартакиадасы (спорттың олимпиадалық түрлері бойынша жазғы, қысқы) | 1 орын | 40 АЕК |
2 орын | 20 АЕК | ||
3 орын | 15 АЕК | ||
12 | Жастар ойындары (жазғы, қысқы), жастар, юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлері бойынша) | 1 орын | 15 АЕК |
13 | Тірек-қимыл аппаратының, есту, көру мүшелерінің зақымдануымен мүгедек спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының Паралимпиялық ойындары, Қазақстан Республикасының чемпионаты | 1 орын | 40 АЕК |
2 орын | 20 АЕК | ||
3 орын | 15 АЕК |
Аббревиатуралардың түсіндірмесі:
IWAS - International Wheelchair and Amputee Sports Federation (Арбамен жүретін және ампутанттардың халықаралық спорт федерациясы);
IBSA - International Blind Sports Federation (Көру қабілеті нашар адамдарға арналған халықаралық спорт федерациясы).
