Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 28.01.2021 № 8 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 қарашадағы № 592 "Ордабасы ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4793 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 30 қарашада "Ордабасы оттары" газетінде және 2018 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданы әкімдігі интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ғ.Ерназаровқа жүктелсiн.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Турашбеков |
| Ордабасы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 216 қаулысына 1-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
р/с | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Темірлан абаттандыру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 137 | 4 | 5 |
2 | "Батсу - Водаканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 156 | 1 | 1 |
3 | Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Ордабасы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 1829 | 0,2 | 4 |
4 | Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Достық" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме | 186 | 1 | 1 |
5 | Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 381 | 0,3 | 1 |
6 | Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 228 | 0,5 | 1 |
7 | Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Батсу" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме | 64 | 2 | 1 |
8 | Ордабасы аудандық білім бөлімінің "А.Шерімкұлов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 130 | 1 | 1 |
9 | Ордабасы аудандық білім бөлімінің "С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 193 | 0,6 | 1 |
10 | Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Б.Төлепбаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 158 | 1 | 1 |
11 | Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Төрткүл" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме | 147 | 1 | 1 |
12 | "Нұр-Агро 73" ЖШС | 163 | 2 | 2 |
Барлығы | 3772 | 20 |
| Ордабасы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 216 қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
р/с | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Темірлан абаттандыру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 137 | 4 | 5 |
Барлығы | 137 | 4 | 5 |
| Ордабасы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 216 қаулысына 3-қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
р/с | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Амангелді атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 189 | 1 | 1 |
Барлық | 189 | 1 | 1 |
