Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 – бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Вознесенка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Якорь ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округінің Вознесенка ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 атауы жоқ көше – Әл-Фараби;
№ 2 атауы жоқ көше – Жеңіс;
№ 3 атауы жоқ көше – Аққайың;
№ 4 атауы жоқ көше – Ақжол.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округінің әкімі |
В. Тихий |
| Солтүстік Қазақстан облысы | |
| Қызылжар ауданы Якорь | |
| ауылдық округі әкімінің | |
| 2020 жылғы 20 желтоқсандағы | |
| № 65 шешіміне | |
| қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округінің Вознесенка ауылындағы атауы жоқ көшелеріне атаулар беру туралы схемалық карта

Якорь ауылдық округінің әкімі | В.Тихий |
