Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Мойылды ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар қаласы Мойылды ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қаласының Мойылды ауылында келесі көшелері:
"Подхозная" көшесін – "Жерұйық" көшесі;
"Степная" көшесін – "Атамекен" көшесі;
"Центральная" көшесін – "Ұлы Дала" көшесі;
"Черемуховая" көшесін – "Қазына" көшесі;
"Курортная" көшесін – "Алаш Орда" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мойылды ауылының әкімі | А. Смагулов |
