"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 220 қаулысына (2015 жылғы 15 қазанда "Маяк" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5927 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесінде және барлық мәтін бойынша "Таран ауданының", "Таран аудандық сайлау комиссиясымен" сөз тіркестері "Бейімбет Майлин ауданының", "Бейімбет Майлин ауданы сайлау комиссиясымен" деп ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5, 7, 8, 11, 14, 16, 19, 24, 25, 30, 46-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
"
1. | Асенкритовка ауылы | "Кристалл" мәдениет үйі ғимаратының фойесіндегі стенд |
2. | Асенкритовка ауылы | "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі білім бөлімінің Асенкритов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
3. | Баталы ауылы | Приозерная көшесіндегі стенд |
4. | Варваринка ауылы | Центральная көшесіндегі стенд |
5. | Қызылжар ауылы | Физкультурная көшесіндегі стенд |
";
"
7. | Николаевка ауылы | Комсомольская көшесіндегі стенд |
8. | Қайыңдыкөл ауылы | "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі білім бөлімінің Е. Омаров атындағы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
";
"
11. | Евгеновка ауылы | Строительная көшесіндегі стенд |
";
"
14. | Нагорное ауылы | Клуб ғимаратының жанындағы стенд |
";
"
16. | Приозерное ауылы | Ленин көшесіндегі стенд |
";
"
19. | Щербиновка ауылы | "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі білім бөлімінің Щербинов негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
";
"
24. | Елизаветинка ауылы | дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд |
25. | Набережное ауылы | Жанғаскин көшесіндегі стенд |
";
"
30. | Валерьяновка ауылы | Центральная көшесіндегі стенд |
";
"
46. | Тобыл кенті | Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тобыл" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
";
реттік нөмірі 41-жол алынып тасталсын:
"
41. | Әйет ауылы | "Таран ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы стенд |
".
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | К. Испергенов |
