"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Меңдіқара ауданы әкімінің міндетін атқарушының "Меңдіқара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 13 наурыздағы № 1 шешімінің (2020 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9022 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Меңдіқара ауданының әкімі | Н. Катарбеков |
