Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Калиновка ауылдық округі Калиновка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 15 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Калиновка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңкөл ауданы Калиновка ауылдық округі Калиновка ауылының келесі көшелері:
"Победа" көшесі "Жеңіс" көшесі болып;
"Советов" көшесі "Бостандық" көшесі болып;
"Молодежный" көшесі "Асар" көшесі болып;
"Березовая" көшесі "Аққайыңды" көшесі болып;
"Лесная" көшесі "Шалғынды" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Калиновка ауылдық округінің әкімі | Қ. Қаббасов |
