Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 23.12.2019 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік нысанына және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға жұмыс орындары квотасы белгіленсін:
1) 1-қосымшаға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1 пайыз мөлшерде;
2) 2-қосымшаға сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан 1%-дан бастап 3%-ға дейінгі мөлшерде;
3) 3-қосымшаға сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде мүгедектер үшін 3 пайыз мөлшерде.
2. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 маусымдағы № 25/01 "Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4831 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 03 шілдеде электрондық түрде, 2018 жылдың 06 шілдеде № 28 (7658) "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | С. Абеуова |
| Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "___"___________ № ______ қаулысына 1-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ақтоғай шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 60 | 1 | 1 |
2 | Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының "Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 143 | 1 | 1 |
| Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "___"___________ № ______ қаулысына 2-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ақтоғай шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 60 | 3 | 2 |
2 | Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының "Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 143 | 1 | 1 |
3 | "Тоқырауын Су Жылу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 62 | 3 | 2 |
| Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "___"________ № ______ қаулысына 3-қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының "Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 143 | 3 | 4 |
