Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабына сәйкес, Айыртау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 06-29/280 ұсынысы негізінде Елецкий ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Елецкий ауылдық округі Елецкое ауылының аумағында Ньюкасл құс ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізгеніне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий селолық округі әкімінің 2018 жылғы 5 шілдедегі № 4 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Елецкий ауылдық округі Елецкое ауылы аумағында Ньюкасл құс ауруы бойынша карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 4827 болып тіркелді, 2018 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ауылдық округ әкімі | Д. Сүлейменов |
