Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2–тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шиқылдақ ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылының кейбір көшелері:
"Кирова" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі;
"Механизаторская" көшесі "Бейбітшілік" көшесі;
"Приозерная" көшесін "Сарыарқа" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шиқылдақ ауылы әкімінің | |
| міндетін атқарушы | Г. Енсебаева |
