Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 шілдедегі № 2-19/693 ұсынымы негізінде, Достық селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Достық селолық округі Пограничник ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың кешенді жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 11 қазандағы "Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке және Пограничник ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/01 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5655 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешім тақырыбында және 1 тармақта "және Пограничник" сөздері алынсын, "ауылдарының" сөзі "ауылының" сөзімен ауыстырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Достық селолық | |
| округінің әкімі | Р. Жаксылыков |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| Қазақстан Республикасы | |
| Ауылшаруашылығы министрлігінің | |
| ветеринариялық бақылау және қадағалау | |
| Комитетінің Ақсу қалалық | |
| аумақтық инспекциясы" мемлекеттік | |
| мекемесінің басшысы | Г. Батаев |
| 2018 жылғы "10" қыркүйек | |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| "Ақсу қаласының | |
| ветеринария бөлімі" | |
| мемлекеттік мекемесінің басшысы | Д. Нуржанов |
| 2018 жылғы "10" қыркүйек | |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| "Ақсу қалалық қоғамдық | |
| денсаулық сақтау басқармасы" | |
| республикалық мемлекеттік | |
| мекемесінің басшысы | А. Жалелов |
| 2018 жылғы "10" қыркүйек |
