Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 22.04.2021 № 21/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 236/22 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5997 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы "Рекомбинанттық интерферон гамма 1- "Имукин" сөздері мен саны "Интерферон альфа - 1 b - "Ингарон" сөздерімен және санымен ауыстырылсын;
1-қосымша мынадай мазмұндағы 8, 9 жолдармен толықтырылсын:
"
8 | Вегенер Гранулемотозы |
Препарат: |
9 | Идиопатиялық өкпе фиброзы |
Препарат: |
".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Қ. Әбішев |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Бексейітова |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| "Павлодар облысының | |
| денсаулық сақтау басқармасы" | |
| мемлекеттік мекемесінің басшысы | О. С. Мұқашев |
| 2018 жылғы "26" қыркүйек |
