"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы |
С. Байгабулов |
| Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Копжасаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Қостанай ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________________ Ж. Бисекеев
14 ақпан 2018 жыл
"КЕЛIСIЛДI"
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ М. Темирбаев
14 ақпан 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ З. Кенжегарина
14 ақпан 2018 жыл
| Мәслихаттың 2018 жылғы 14 ақпандағы № 220 шешіміне қосымша |
Мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 22 шілдедегі № 196 "Тіркелінген салықтың бірыңғай мөлшерлемесін белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-14-110 тіркелген, 2009 жылғы 7 тамызда "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланған).
2. Мәслихаттың 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 67 "Мәслихаттың 2009 жылғы 22 шілдедегі № 196 "Тіркелінген салықтың бірыңғай ставкасын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6762 тіркелген, 2016 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 18 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін 50 пайызға жоғарылату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6345 тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырда "Арна" газетінде жарияланған).
4. Мәслихаттың 2017 жылғы 23 маусымдағы № 147 "Мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 18 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін 50 пайызға жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7136 тіркелген, 2017 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
