"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратты және құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және өзара сақтандыру қоғамының ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4994 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 4 маусымда және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған);
2) "Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 430 қаулыға қосымшаның 13-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5470 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 23 сәуірде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 16 маусымда жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
