Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Курмин ауылдық округі, Жұмабек ауылындағы көшелер келесідей:
1) Безымянная көшесін Бәйтерек көшесіне;
2) Подхозная көшесін Сұңқар көшесіне;
3) Подстанция көшесін Наурыз көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
| Курмин ауылдық округінің әкімі | Ж.М. Жұмаділ |
