Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 12.03.2020 № 446 шешіммен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 546 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Темір ауданында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Темір аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы № 177 "Тіркелген салықтың мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-122 тіркелген, 2010 жылғы 5 наурызда "Темір" газетінде жарияланған) шешімі;
2) Темір аудандық мәслихатының 2017 жылдың 17 ақпандағы № 83 "Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 12 ақпандағы № 177 "Тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5297 тіркелген, 2017 жылғы 18 наурызда "Темір" газетінде жарияланған) шешімі.
3. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Темір аудандық мәслихатының интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы Б. АБДЫҒАЛИ Темір аудандық мәслихатының хатшысы Б. ІЗБАСОВ |
| Темір аудандық маслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 193 шешіміне қосымша |
Темір ауданында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
р/с № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіштермен) |
1 | 2 | 3 |
1 | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |
7 | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 10 |
