Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округі әкімінің 08.04.2019 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 30 қантардағы №2-7/11 ұсынысының негізінде, Ақтасты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округінің Ақтасты ауылы аумағында ірі мүйізді қара малдарының арасынан сарып ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтасты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Ақтасты ауылдық округінің әкімі |
З-Х.Күнтуған |
