РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, ауыл халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Первомай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астрахан ауданы Первомай ауылының құрамдас бөліктері қайта аталсын:
1) Комсомольская көшесін - Жастар көшесіне;
2) РТС көшесін - Жеңіс көшесіне;
3) РТС № 1 тұйық көшесі көшесін - Достық көшесіне;
4) РТС № 2 тұйық көшесі көшесін - Еңбек көшесіне;
5) РТС № 3 тұйық көшесі көшесін - Береке көшесіне;
6) РТС № 4 тұйық көшесі көшесін - Батыс көшесіне;
7) РТС № 5 тұйық көшесі көшесін - Бірлік көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Первомай ауылдық округінің әкімі |
В.Дембицкий |
