Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 30.10.2017 № 412 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Сайрам ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерi бекiтiлсiн.
2. Сайрам ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 283 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылғы 2 тамызда № 3815 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 тамыздағы "Мәртөбе" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Сайрам ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;
2) осы қаулыны Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиевке жүктелсін.
| Аудан әкiмi | С. Сапарбаев |
| Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 31 шілдедегі № 287 қаулысына қосымша |
Аудан бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерi
№ | Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түрi | Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушiлердiң саны | Мектепке дейiнгi ұйымдардағы (меншiк нысанына қарамай) жан басына шаққандағы бiр айға қаржыландыру мөлшерi (теңге) | Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарындағы ата-аналардың күнiне ақы төлеу мөлшерi (теңге) | ||
Мемлекеттiк | Жеке | Күнiне бiр баланың тамағына шығыны, 3 жасқа дейiн, теңге (көп емес) | Күнiне бiр баланың тамағына шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейiн, теңге (көп емес) | |||
1 | Балабақша, бөбекжай | 760 | 6484 | 26555,1 | 326,9 | 410,9 |
2 | Мектепке дейiнгi шағын орталық | 551 | 0 | 9927,0 | 326,9 | 410,9 |
Ескертпе: 1 күнiне бiр балаға жас ерекшелiгiне қарай шығын. Нақты жұмыс күнiне есептелген.
