Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 19.08.2017 № 216 қаулысымен (алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мамлют аудандық сайлау комиссиясымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттардың үгіттік басылым материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттарға таңдаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппарат басшысы А.Х. Мушараповаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Бекшенов |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
|
Мамлют аудандық сайлау комиссиясының төрағасы |
В. Целуйко |
| 2017 жылғы 29 мамыр |
| Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 131 қаулысына 1 қосымша |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттардың үгіттік басылым материалдарын орналастыру орындары
№ | Елді мекеннің атауы | Орналастыру орны |
1. | Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы (Солтүстік-Батыс бөлік) | "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлют № 1 мектеп гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты маңындағы ақпараттық стенд |
2. | Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы (Орталық бөлік) | "Сказка" дүкені ғимаратына қарсы ақпараттық стенд |
| Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 131 қаулысына 2 қосымша |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттардың таңдаушылармен кездесуі үшін үй-жай
№ | Елді мекеннің атауы | Кездесу үшін үй-жай |
1. | Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы | "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлют қазақ мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Скачков көшесі, 82 |
