"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысының жеке санаттағы азаматтарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша тегін дәрі құралдарын беру туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 13/5 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2236 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 сәуірде "Солтүстік Қазақстан" және "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған).
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан | |
| облыстық мәслихаттың | |
| ХІV сессиясының төрағасы | Е. Алпысов |
| Солтүстік Қазақстан | |
| облыстық мәслихаттың | |
| хатшысы | В. Бубенко |
